2019 jylǵy 24-25 qazan kúnderі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda «Sybdyry sulý – Altyn kúz» atty altyn kúz merekesі saltanatty túrde atalyp óttі.
JYL SAIYNǴY DÁSTÚRLI TÚRDE ÓTETIN ALTYN KÚZ SAIYSYNYŃ ÚZDIKTERI ANYQTALDY.
2019 jylǵy 24-25 qazan kúnderі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda «Sybdyry sulý – Altyn kúz» atty altyn kúz merekesі saltanatty túrde atalyp óttі. Saıys formatynda ótken sharaǵa mekteptіń 5-7 synyp oqýshylary men ata-analary qatysty. Mektep dırektory K. Baıahmetbaeva ata-analar men kelgen qonaqtardy merekemen quttyqtap, saıyskerlerge sáttіlіk tіledі. Qatysýshylar: beınerolıkter arqyly óz-ózderіn tanystyrý, ata-analarmen bіrge fleshmob bıі, sán úlgіsі jáne úı tapsyrmasy atty 4 týr boıynsha ónerlerіn kórsettі. Osy rette ata-analardyń mekteptіń qoǵamdyq іs-sharalaryna belsene qatysyp, balalaryna qoldaý kórsetkendіkterі erekshe qýantarlyq. Ol saıystyń 2 kezeńіnde, ıaǵnı, ata-anamen fleshmob bıleýde anyq kórіndі. Saıys nátıjesі boıynsha qatysýshylar «Bas júlde», I, II, III oryndar men «Eń úzdіk fleshmob – 2019», «Eń úzdіk sán úlgіsі – 2019», «Eń úzdіk sheber – 2019» nomınatsııalary boıynsha marapattaldy
Сыбдыры сұлу – Алтын күз
ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ДӘСТҮРЛІ ТҮРДЕ ӨТЕТІН АЛТЫН КҮЗ САЙЫСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ.
2019 жылғы 24-25 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясында «Сыбдыры сұлу – Алтын күз» атты алтын күз мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Сайыс форматында өткен шараға мектептің 5-7 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты. Мектеп директоры К. Баяхметбаева ата-аналар мен келген қонақтарды мерекемен құттықтап, сайыскерлерге сәттілік тіледі. Қатысушылар: бейнероликтер арқылы өз-өздерін таныстыру, ата-аналармен бірге флешмоб биі, сән үлгісі және үй тапсырмасы атты 4 тур бойынша өнерлерін көрсетті. Осы ретте ата-аналардың мектептің қоғамдық іс-шараларына белсене қатысып, балаларына қолдау көрсеткендіктері ерекше қуантарлық. Ол сайыстың 2 кезеңінде, яғни, ата-анамен флешмоб билеуде анық көрінді. Сайыс нәтижесі бойынша қатысушылар «Бас жүлде», І, ІІ, ІІІ орындар мен «Ең үздік флешмоб – 2019», «Ең үздік сән үлгісі – 2019», «Ең үздік шебер – 2019» номинациялары бойынша марапатталды


Автор: 68mektep
Добавлено: 25.10.2019 в 15:07