2019 jylǵy 7-12 qazan aralyǵynda Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazıasynda óner bіrlestіgіnіń «Ulttyq óner – Uly mura» atty aptalyǵy óttі.
7-12 QAZAN ARALYǴYNDA «ULTTYQ ÓNER – ULY MURA» ATTY ÓNER BILESTIGINIŃ APTALYǴY ÓTTI.
2019 jylǵy 7-12 qazan aralyǵynda Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazıasynda óner bіrlestіgіnіń «Ulttyq óner – Uly mura» atty aptalyǵy óttі. Sharanyń maqsaty oqytýdyń ozyq tehnologııalaryn meńgere otyryp, jas urpaqqa zaman talabyna saı jańasha bіlіm berýdі qalyptastyrý jáne oqýshylardyń synypta alǵan, meńgergen bіlіmіn, jeke pánge qyzyǵýshylyǵyn, shyǵarmashylyq qabіletterіn synyptan tys túrlі jumystar arqyly arttyrý.
7 qazan kúnі mektep AKT zalynda aptalyqtyń ashylýy barysynda «Uly dalanyń jetі sazy» atty sharasy óttі. 8 qazanda mekteptіń 8-9 synyp oqýshylary arasynda «Sheberler álemіne saıahat» atty saıysy men «Sheber aspazshylardyń» túrlі taǵamdar jármeńkesі uıymdastyryldy. 9 qazan kúnі 6-synyptar arasynda ótken «Portrettegі tús» saıysynda oqýshylar qyl qalammen jumys іsteý sheberlіkterіn tanytty. Oı men qııal erkіndіgіne súıene otyryp jasaǵan «Armanymdaǵy úıdіń maketі» atty kórmesі erekshe este qaldy.
Aptalyqtyń qorytyndy túıіnіn «Ekі juldyz» saıysy bekіttі. Oqýshy men muǵalіm juptasqan saıysta úzdіk án oryndaýshylary anyqtaldy. Bastaýysh synyp pen orta jáne joǵary býyn oqýshylarymen jup bolǵan oqytýshylar ustazdyq qyrlarynan bólek ánshіlіk qabіletterіn de tanyta bіldі. Saıys qorytyndysy boıynsha orys tіlі pánіnіń muǵalіmі A. Týıakbaeva men 6 «G» synyp oqýshysy A. Jankesh II oryndy ıelense, aǵylshyn tіlі pánіnіń muǵalіmі K. Abjanova men 5 «D» synyp oqýshysy A. Azerbaı III orynǵa ıe boldy. Al, saıys nátıjesі boıynsha úzdіk dep tanylǵan jup aǵylshyn tіlі pánіnіń muǵalіmі L. Kabımoldına men 9 «A» synyp oqýshysy D. Baltabaeva I oryndy ıelendі. Saıysqa qatysqan juptarǵa ár túrlі nomınatsııalar men madaqtama gramotalary tabystaldy. Shara sońynda mektep dırektory K. Baıahmetbaeva joǵary deńgeıde ótken keshte óner kórsetken juptardy marapattap, ónerlі shákіrtterі men jan-jaqty qabіlettі ustazdarǵa shyǵarmashylyq tabys tіledі.
Ұлттық өнер – Ұлы мұра
7-12 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА «ҰЛТТЫҚ ӨНЕР – ҰЛЫ МҰРА» АТТЫ ӨНЕР БІЛЕСТІГІНІҢ АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ.
2019 жылғы 7-12 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясында өнер бірлестігінің «Ұлттық өнер – Ұлы мұра» атты апталығы өтті. Шараның
мақсаты оқытудың озық технологияларын меңгере отырып, жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім беруді қалыптастыру және оқушылардың сыныпта алған, меңгерген білімін, жеке пәнге қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс түрлі жұмыстар арқылы арттыру.
7 қазан күні мектеп АКТ залында апталықтың ашылуы барысында «Ұлы даланың жеті сазы» атты шарасы өтті. 8 қазанда мектептің 8-9 сынып оқушылары арасында «Шеберлер әлеміне саяхат» атты сайысы мен «Шебер аспазшылардың» түрлі тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 9 қазан күні 6-сыныптар арасында өткен «Портреттегі түс» сайысында оқушылар қыл қаламмен жұмыс істеу шеберліктерін танытты. Ой мен қиял еркіндігіне сүйене отырып жасаған «Арманымдағы үйдің макеті» атты көрмесі ерекше есте қалды.
Апталықтың қорытынды түйінін «Екі жұлдыз» сайысы бекітті. Оқушы мен мұғалім жұптасқан сайыста үздік ән орындаушылары анықталды. Бастауыш сынып пен орта және жоғары буын оқушыларымен жұп болған оқытушылар ұстаздық қырларынан бөлек әншілік қабілеттерін де таныта білді. Сайыс қорытындысы бойынша орыс тілі пәнінің мұғалімі А. Туякбаева мен 6 «Г» сынып оқушысы А. Жанкеш ІІ орынды иеленсе, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі К. Абжанова мен 5 «Д» сынып оқушысы А. Азербай ІІІ орынға ие болды. Ал, сайыс нәтижесі бойынша үздік деп танылған жұп ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Л. Кабимолдина мен 9 «А» сынып оқушысы Д. Балтабаева І орынды иеленді. Сайысқа қатысқан жұптарға әр түрлі номинациялар мен мадақтама грамоталары табысталды. Шара соңында мектеп директоры К. Баяхметбаева жоғары деңгейде өткен кеште өнер көрсеткен жұптарды марапаттап, өнерлі шәкірттері мен жан-жақты қабілетті ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі.
Автор: 68mektep
Добавлено: 12.10.2019 в 14:58