2019 jylǵy 11 qazan kúnі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda qyzdar onkúndіgі aıasynda «Qyz bolashaǵy – el bolashaǵy» atty іs-sharasy óttі. Sharaǵa «Otbasy hrestomatııasy» qoǵamdyq qorynyń sarapshysy
«QYZ BOLAShAǴY – EL BOLAShAǴY» TAQYRYBYNDA «OTBASY HRESTOMATIIaSY» QOǴAMDYQ QORYNYŃ SAPAShYSYMEN KEZDESÝ ÓTTI.
2019 jylǵy 11 qazan kúnі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda qyzdar onkúndіgі aıasynda «Qyz bolashaǵy – el bolashaǵy» atty іs-sharasy óttі. Sharaǵa «Otbasy hrestomatııasy» qoǵamdyq qorynyń sarapshysy, psıholog maman S. Myrzabaı men «Rýhanı jańǵyrý» oqý ortalyǵynyń menedjerі, psıholog maman N. Kárіbaı kelіp qatysty. Oqýshylarǵa mektep dırektory K. Baıahmetbaeva sharanyń maqsaty men mańyzdylyǵyn túsіndіrіp, kezdesýge kelgen mamandarǵa yntymaqtastyǵy úshіn alǵys aıtty. Mekteptіń joǵarǵy synyp oqýshylary, onyń іshіnde qyz balalarǵa «Otbasynyń mánі» atty taqyrypta dárіs oqyǵan S. Myrzabaı, jas urpaqtyń rýhanı adamgershіlіk tárbıesі týraly dáıektі sóz qozǵady. Otbasy jáne ajyrasý, jasóspіrіmder arasynda óz-ózіne qol jumsaý, qyzdar arasyndaǵy jasandy túsіk jasatý kóbeıýі jónіndegі problemalyq máselelerdі talqylap, otbasylyq qundylyqtar jaıly málіmetterdі dıalog túrіnde jetkіzdі.
Shara sońynda kókeıkestі saýaldaryna tolymdy jaýaptar alǵan oqýshylar, taǵylymy mol dárіs úshіn óz rızashylyqtaryn bіldіrdі. Dırektordyń tárbıe іsі jónіndegі orynbasary J. Rýstemova mektep ata-analarymen, uıym qyzmetkerlerі men muǵalіmderіne psıhologııalyq trenıngtіk semınarlar ótkіzý týraly «Otbasy hrestomatııasy» qoǵamdyq qorymen tyǵyz qarym-qatynas ornatý jónіnde ózara kelіsіmge keldі.
«Қыз болашағы – ел болашағы»
«ҚЫЗ БОЛАШАҒЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА «ОТБАСЫ ХРЕСТОМАТИЯСЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ САПАШЫСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
2019 жылғы 11 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясында қыздар онкүндігі аясында «Қыз болашағы – ел болашағы» атты іс-шарасы өтті. Шараға «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының сарапшысы, психолог маман С. Мырзабай мен «Рухани жаңғыру» оқу орталығының менеджері, психолог маман Н. Кәрібай келіп қатысты. Оқушыларға мектеп директоры К. Баяхметбаева шараның мақсаты мен маңыздылығын түсіндіріп, кездесуге келген мамандарға ынтымақтастығы үшін алғыс айтты. Мектептің жоғарғы сынып оқушылары, оның ішінде қыз балаларға «Отбасының мәні» атты тақырыпта дәріс оқыған С. Мырзабай, жас ұрпақтың рухани адамгершілік тәрбиесі туралы дәйекті сөз қозғады. Отбасы және ажырасу, жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау, қыздар арасындағы жасанды түсік жасату көбеюі жөніндегі проблемалық мәселелерді талқылап, отбасылық құндылықтар жайлы мәліметтерді диалог түрінде жеткізді.
Шара соңында көкейкесті сауалдарына толымды жауаптар алған оқушылар, тағылымы мол дәріс үшін өз ризашылықтарын білдірді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Рустемова мектеп ата-аналарымен, ұйым қызметкерлері мен мұғалімдеріне психологиялық тренингтік семинарлар өткізу туралы «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорымен тығыз қарым-қатынас орнату жөнінде өзара келісімге келді.
Автор: 68mektep
Добавлено: 11.10.2019 в 14:42