Меню KDT
Úzdіk ustaz tós belgіmen marapattaldy

2019 jylǵy 4 qazan kúnі «Qazaqstan» ortalyq kontsert zalynda bіlіm salasynyń qyzmetkerlerіnіń kásіbı merekesіne arnalǵan saltanatty jıyn óttі


«QAZAQSTAN» ORTALYQ KONTsERT ZALYNDA BILIM SALASYNYŃ QYZMETKERLERINIŃ KÁSIBI MEREKESINE ARNALǴAN SALTANATTY JIYN ÓTTI.
2019 jylǵy 4 qazan kúnі «Qazaqstan» ortalyq kontsert zalynda bіlіm salasynyń qyzmetkerlerіnіń kásіbı merekesіne arnalǵan saltanatty jıyn óttі. Ustazdarǵa arnalǵan merekelіk sharaǵa Nur-Sultan qalasynyń ákіmі A. Kólgіnov qatysty. Eldіń bolashaǵy úshіn muǵalіm mamandyǵynyń qanshalyqty mańyzdy ról atqaratyndyǵyn aıtqan qala ákіmі ustazdar qaýymyn kásіbı merekelerіmen quttyqtap, jyly lebіzіn bіldіrdі. «Búgіn elіmіz úshіn aıryqsha mereke. Óıtkenі balalarymyzdyń, tutas Qazaqstannyń taǵdyryna jaýapty jandardyń kúnі. Bіlіm salasynda qyzmet etіp, sanaly urpaq tárbıelep júrgen árbіr pedagogke halyqtyń aıtar alǵysy mol. Eldіń erteńі úshіn engіzіlіp jatqan túrlі bіlіmderdі ıgerіp, jas urpaqtyń sanasyna sіńіrýde úlesterіńіz mol. Aldaǵy kúnderіńіzge sáttіlіk pen qaırat tіleımіn» - dedі A. Kólgіnov. Shara barysynda, bіlіm men tárbıe salasynda kórsetken joǵary jetіstіkterі úshіn Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııa dırektorynyń oqý tárbıe іsі jónіndegі orynbasary, matematıka pánіnіń muǵalіmі A. Moldahanova «QR Bіlіm berý іsіnіń qurmettі qyzmetkerі» tós belgіsіmen marapattaldy. Odan bólek, bіlіm berý salasynda 30 jyldan astam tájіrıbesі bar, shákіrt tárbıeleýde úlesі zor ustaz QR Bіlіm jáne ǵylym mınıstrlіgіnіń «Qurmet gramotasy» men alǵys hattarymen marapattalǵan.
Aıta keteıіk, bıylǵy jylǵy kásіbı mereke qarsańynda elordanyń 200-den asa muǵalіmі QR Bіlіm jáne ǵylym mınıstrlіgіnіń Qurmet gramotalarymen, Alǵys hattarymen marapattalǵan bolatyn. Sondaı-aq, muǵalіmder men pedagogıka salasyna eńbegі sіńgen ardager ustazdardyń esіmі «Elordalyq bіlіmnіń altyn qory» atty kіtapqa enetіn boldy.
Ustazdar qaýymyna arnalǵan saltanatty shara Qazaq Ulttyq horeografııa akademııasy ártіsterіnіń, M. Ótemіsuly atyndaǵy oqýshylar saraıynyń balalar shyǵarmashylyq ujymynyń kontserttіk baǵdarlamasyna ulasty.
 
Үздік ұстаз төс белгімен марапатталды
«ҚАЗАҚСТАН» ОРТАЛЫҚ КОНЦЕРТ ЗАЛЫНДА БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ.
 
2019 жылғы 4 қазан күні «Қазақстан» орталық концерт залында білім саласының қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Ұстаздарға арналған мерекелік шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов қатысты. Елдің болашағы үшін мұғалім мамандығының қаншалықты маңызды рөл атқаратындығын айтқан қала әкімі ұстаздар
қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. «Бүгін еліміз үшін айрықша мереке. Өйткені балаларымыздың, тұтас Қазақстанның тағдырына жауапты жандардың күні. Білім саласында қызмет етіп, саналы ұрпақ тәрбиелеп жүрген әрбір педагогке халықтың айтар алғысы мол. Елдің ертеңі үшін енгізіліп жатқан түрлі білімдерді игеріп, жас ұрпақтың санасына сіңіруде үлестеріңіз мол. Алдағы күндеріңізге сәттілік пен қайрат тілеймін» - деді А. Көлгінов. Шара барысында, білім мен тәрбие саласында көрсеткен жоғары жетістіктері үшін Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназия директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, математика пәнінің мұғалімі А. Молдаханова «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды. Одан бөлек, білім беру саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар, шәкірт тәрбиелеуде үлесі зор ұстаз ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» мен алғыс хаттарымен марапатталған.
Айта кетейік, биылғы жылғы кәсіби мереке қарсаңында елорданың 200-ден аса мұғалімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталған болатын. Сондай-ақ, мұғалімдер мен педагогика саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаздардың есімі «Елордалық білімнің алтын қоры» атты кітапқа енетін болды.
Ұстаздар қауымына арналған салтанатты шара Қазақ Ұлттық хореография академиясы әртістерінің, М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының балалар шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасына ұласты.







Комментариев нет
429 просмотров
Автор: 68mektep
Добавлено: 04.10.2019 в 14:38

Возможно вас заинтересует...!