Меню KDT
Ustaz degen - jaryq kúnі ǵalamnyń

2019 jylǵy 4 qazan kúnі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazıasynda Ustazdar kúnі merekesі atalyp óttі


№ 68 MEKTEP-GIMNAZIАSYNDA USTAZDAR KÚNI MEREKESI ATALYP ÓTTI. TÚLEKTERDIŃ UIYMDASTYRÝYMEN ÓTKEN ShARADA BIRQATAR USTAZDAR ALǴYS HATTARMEN MARAPATTALDY.
2019 jylǵy 4 qazan kúnі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazıasynda Ustazdar kúnі merekesі atalyp óttі. Ustazdar kúnі – jarqyn mereke, barlyq urpaqtar merekesі. Mekteptі bіtіrgen ár adam eń alǵash ustazyn eske alyp, bіlіm, tálіm-tárbıe bergen muǵalіmderge alǵystaryn aıtady, quttyqtaý sózderіn syılaıdy.
Bul kúnі mektepte tańerteńnen bastap merekelіk kóńіl-kúı baıqaldy. Oqýshylar osy kúnge erekshe daıyndyq júrgіzgen. Mektep іshі gúlderge toly, oqýshylardyń quttyqtaýlary 1 qabattaǵy ekrannan kórsetіlіp jatty. Mektep buryshyn ustaz qurmetіne arnalyp jasalǵan merekelіk banner kórіktendіrіp turdy. AKT zalynda ótken merekelіk keshte sahnadan ustazdarǵa arnalǵan óleńder, ánder shyrqaldy. Mektep ómіrіnde bolatyn qyzyqty kórіnіster kórsetіlіp, ustazdarmen qyzyqty oıyndar oınatyldy. Dırektordyń oqý tárbıe іsі jónіndegі orynbasary A. ustazdar qaýymyn quttyqtap, merekelіk kóńіl kúı syılaǵan oqýshylarǵa alǵysyn bіldіrdі. Sondaı-aq, Bіlіm salasynda qyzmet etіp, erteńgі eldіń sanaly urpa¬ǵyn tárbıelep júrgen bіrqatar ustazdarǵa Nur-Sultan qalasy, Bіlіm basqarmasynyń alǵys hattary men madaqtama gramotalaryn tabystady. Olar, qazaq tіlі jáne ádebıetі pánіnіń muǵalіmі R. Jumasheva, matematıka pánіnіń muǵalіmі N. Aıdankól, mýzyka pánіnіń muǵalіmі S. Rahmetov, deneshynyqtyrý pánіnіń muǵalіmі M. Esenov, orys tіlі men ádebıetі pánіnіń muǵalіmderі A. Jýmabekova men A. Týıakbaeva, bastaýysh synyp muǵalіmderі N. Oshaqbaı men M. Jaqsybaeva. Sondaı-aq, Bіlіm salasyna jańadan qadam basqan jas maman S. Amangeldıeva da osyndaı marapatqa ıe boldy. Kesh sońynda, oqýshylar ustazdar úshіn arnaıy gúl shoqtaryn tartý etіp, estelіkke sýretke tústі.
Ұстаз деген - жарық күні ғаламның
№ 68 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА ҰСТАЗДАР КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ. ТҮЛЕКТЕРДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКЕН ШАРАДА БІРҚАТАР ҰСТАЗДАР АЛҒЫС ХАТТАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
2019 жылғы 4 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясында Ұстаздар күні мерекесі аталып өтті. Ұстаздар күні – жарқын мереке, барлық ұрпақтар мерекесі. Мектепті бітірген әр адам ең алғаш ұстазын еске алып, білім, тәлім-тәрбие берген мұғалімдерге алғыстарын айтады, құттықтау сөздерін сыйлайды.
Бұл күні мектепте таңертеңнен бастап мерекелік көңіл-күй байқалды. Оқушылар осы күнге ерекше дайындық жүргізген. Мектеп іші гүлдерге толы, оқушылардың құттықтаулары 1 қабаттағы экраннан көрсетіліп жатты.
Мектеп бұрышын ұстаз құрметіне арналып жасалған мерекелік баннер көріктендіріп тұрды. АКТ залында өткен мерекелік кеште сахнадан ұстаздарға арналған өлеңдер, әндер шырқалды. Мектеп өмірінде болатын қызықты көріністер көрсетіліп, ұстаздармен қызықты ойындар ойнатылды. Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Молдаханова ұстаздар қауымын құттықтап, мерекелік көңіл күй сыйлаған оқушыларға алғысын білдірді. Сондай-ақ, Білім саласында қызмет етіп, ертеңгі елдің саналы ұрпа¬ғын тәрбиелеп жүрген бірқатар ұстаздарға Нұр-Сұлтан қаласы, Білім басқармасының алғыс хаттары мен мадақтама грамоталарын табыстады. Олар, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Р. Жұмашева, математика пәнінің мұғалімі Н. Айданкөл, музыка пәнінің мұғалімі С. Рахметов, денешынықтыру пәнінің мұғалімі М. Есенов, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А. Жумабекова мен А. Туякбаева, бастауыш сынып мұғалімдері Н. Ошақбай мен М. Жақсыбаева. Сондай-ақ, Білім саласына жаңадан қадам басқан жас маман С. Амангельдиева да осындай марапатқа ие болды. Кеш соңында, оқушылар ұстаздар үшін арнайы гүл шоқтарын тарту етіп, естелікке суретке түсті.





Комментариев нет
398 просмотров
Автор: 68mektep
Добавлено: 04.10.2019 в 14:20

Возможно вас заинтересует...!