Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасы және Нұр-Сұлтан қаласы №48 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» аясында «Ғасырлар тоғысындағы руханият мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция мақсаты – Алаш зиялыларының есімін және олардың тағылымды мұраларын жұртшылыққа кеңінен насихаттау, бүгінгі заман талаптарына лайықтай отырып, қолданысқа енгізудің жолдарын талқылау.

Конференцияға Алматыдағы А.Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры, ғалым Р.Имаханбет, «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры С.А.Жүсіп, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.д. «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі А.А.Әбсадық, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары Қ.Ғ.Дәркенов, Б.Қорғанбек, С.Б.Жұмағұлов, Қ.Р.Кемеңгер секілді алаштанушы ғалымдар қатысты. Олар өз баяндамаларында жиналған көпшілік назарына Алаш арыстарының өмірі мен оларға қатысты тың деректер және архив материалдарын ұсынды
Автор: 48mektep
Добавлено: 23.11.2019 в 11:46