← Назад к новостям
АУЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

АУЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

37mektep
22.11.2019 в 23:13
470 просм.
Нет комментариев

АУЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
Бүгін 22 қараша күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 10-сынып оқушылары аула тұрғыны Гиреева Назигуль Еркиновнамен бірге «Қоқысты сұрыптап жинаудың маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел тақырыбын талдау барысында сынып жетекшілері Х.М.Дюсетаева мен Б.К. Апитова мектебімізге 2017 жылдың қаңтар айынан бастап енген «Қоқысты сұрыптап жинау» экологиялық жобасымен таныстырып, бұл жұмыстың жалпы қалай орындалатынымен таныстырды. Оқушылар мектеп дәлізіндегі, әрбір сыныптағы осы шараның орындалу қызметі туралы өз ойларымен бөлісті. Дөңгелек үстел оқушыларымыз бен бүгінгі қонағымыз үшін пайдалы әрі маңызды болды деп айта аламыз. Себебі сұрыптап жинау тек мектепте немесе белгілі бір мекемелерде жекелеп жүзеге асырылмай, барлық қала тұрғындары атсалысатын іс деп түсінеміз. Сонда ғана табиғатымыз, қоршаған ортамыз тазарып, экологиялық мәдениетіміз жоғарылай түспек!

Автор: 37mektep · 22.11.2019
470
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT