Меню KDT
Ағылшын тілі пәні әдістемелік бірлестігінің онкүндігі

Ағылшын тілі пәні әдістемелік декадасы

Мерзімі (07.10.2019- 18.10.2019)

07.10-18.10.19ж аралығында ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінде “Colors of the world” атты онкүндік өтті.

Басты мақсаты: Ағылшын тілін оқытуда заманауи технологиялар мен әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың ағылшын тілін үйренуге талпынысы артады, түрлі сайыстарға қатысуға мотивация пайда болады.


Ағылшын тілі пәні әдістемелік декадасы
Мерзімі (07.10.2019- 18.10.2019)
07.10-18.10.19ж аралығында ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінде “Colors of the world” атты онкүндік өтті.

Басты мақсаты: Ағылшын тілін оқытуда заманауи технологиялар мен әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың ағылшын тілін үйренуге талпынысы артады, түрлі сайыстарға қатысуға мотивация пайда болады.

Ағылшын тілі ӘБ онкүндігінде көптеген қызықты сыныптан тыс іс- шаралар мен ашық сабақтар өткізілді. Толығырақ тоқталар болсақ, 07.10.2019ж бірінші ауысымда 8-11 сыныптарға арналған мектепішілік сап түзеуде онкүндіктің ашылу салтанатын болып өтті.  Салтанатты ашылу ӘБ жетекшісінің декада жоспарымен таныстыруымен басталды. Кейін оқушылардан құралған бір топ «шет елдік жұлдыздар» мен әлемге әйгілі адамдардың фестивалі орын алды. Ортадағы қызыл кілемнің үстінен Майкл Джексон, Джек Воробей, Бейонсе, Леонардо Да Винчи сынды тарихи тұлғалар мен әнші, актерлердің рөлін сомдаған 9,11 сынып оқушылары арнайы дайындалған музыкалық сүйемелдеумен жүріп өтті. Соңында 6 В сынып оқушысы Советқали Демежан «Faded» ұстаздар мен оқушылардың жүрегін бір баурап алды.

                            


                          

   

Декада басталмас бұрын, ӘБ мұғалімдері мектептің 4 қабатын түрлі тақырыптарға бөліп, соған сәйкес әсемдеп, безендіріп шықты. Соған байланысты, 1- қабат «Музыка әлемі», 2- қабат «Өнер әлемі», 3- қабат «Кино әлемі», 4- қабат «Әдебиет әлемі» болып бөлінді. Әр қабатта сол саладағы тарихи тұлғалар мен әйгілі адамдар жайлы ақпараттардан тұратын суреттер ілінді. Сондай ақ, тақырыпқа сай әр қабаттың жұмыстары да, қабырғадан бой көрсетті.

              

Декада барысында үзілістер кезінде түрлі музыкалық ойындар өткізілді. 8-11 сынып оқушылары белсенділік танытып бар қызығушылықтарымен атсалысты.

Әсем әнмен әрленген сыныптан тыс іс- шаралардың ішінен әсіресе көзге түсіп есте қалғаны 4- сыныптар арасында өткізілген, және үкен буындағы 9-11 сыныптарға арналған “ Golden autumn” меркелік сайысын және 5-8 сыныптар арасында өткізілген “ Fashion week-2019” сайыстарын айта аламыз.

18.10.19 ж 4- сыныптар арасында ұйымдастырылған “Golden autumn”  сайысына оқушылармен қатар, ата- аналары да келіп, балаларына қолдау көрсетіп отырды. Оқушылар өте үлкен жауапкершілікпен қарап, сайыстың әрбір турына белсене дайындықпен келгені көрініп тұрды. Сайыс бөлімдерінде оқушылардың қиялдарының ұшқырлығы көрініп тұрды. Себебі, балалар әр номерлерін ерекше қылып көрсетудің барынша амалын жасап ортаға салды. Сайыстың қорытындысы бойынша: үшінші орын 4 «А» сыныбының оқушылары Шайхы Диас пен Мырзағалиева Саяжан, екінші орын 4 «Д» сыныбының оқушылары Қонысбай Әмір мен Райымбердиева Анель, бірінші орын 4 «Ә» сыныбының оқушылары Ильясов Алдияр мен Тлюбердина Гульдана және “Mister and Miss Autumn” 4 «Ж» сыныбының оқушылары Әлімбек Бекарыс пен Далханова Фариза алды. Оқушылар грамоталар мен және сыйлықтармен марапатталды.  

                    

14.10.19 ж 5-8 сыныптар арасында сән апталығы деп аталатын іс-шара өткізіліп, оқушыларды бір таң қалдырды. 3 турдан тұратын бұл сайыста оқушылар, қолда бар материалдардан әдемі киім жасап шығарулары керек болды. Небір әдемі көйлектер мен костюмдар киген оқушылар 1,2,3 орындармен марапатталды.



18.10.19 ж
9-11 сыныптарда «Алтын күздің» ағылшын тіліндегі нұсқасы өтті. Үш тілді араластыра отырып әр қатысушының өздерін таныстыруымен басталған сайыстың келесі туры- өздеріне алдын ала берілген тақырыптар бойынша ертегіден үзінді көрсетулері керек болды. 9 Ә сыныбының «Күлше қыз», 11 Б сыныбының «Шрек пен Фиона» ертегілері, оқушылардың актерлік шеберліктері мен жарқын киімдерінің арқасында басқалардан қарғанда көзге ерекше көрінді. Сайыс соңында 3- орынды 11 Ә сыныбы, 2- орындарды 9 Ә мен 10 Ә сыныптары бөлісіп алса, 1- орынды 11 А сыныбы алып, «Бас жүлден» 11 Б сыныбы иеленді.  Сайыстан кейін 8-11 сыныптарға арналған мерекелік би кеші ұйымдастырылды.

Фото

Сонымен қатар, 11.10.19ж  5-6 сыныптарға арналған 21 ғасыр көшбасшысы сайысы орын алды. Сайысқа әр сыныптан 1 оқушыдан қатысты. Интеллектуалды сайыс болғандықтан, алдағы уақытында Бәйге, Полиглот, Аудармашы, Сен танисың ба кезеңдері өтті. Мақсаты оқушыларды ағылшын тіліне әлемдік тіл ретінде қызығушылығын қалыптастыру. Өткен Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ мемлекеттері тақырыптары бойынша білімдерін тиянақтау. Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру. Ұйымдастырушылардың ойынша мақсат 100 пайызға орындалды.

             
                                          
    

             

Он күндік барысында орыс сыныптары да белсенді түрде атсалысып, музыка әлемінде жайлы сыныптан тыс іс- шара өткізді. Ән айтылып, би биленіп, оқушылар өз өнерлері мен интеллектуалды білімдерін ортаға салды.

          

Ағылшын тілі декадасында өтілген ашық сабақтар жаңартылған білім мазмұнында, жаңа технологияларды, жаңа методикаларды, бағалаудың қызықты түрлерін қолдана отырып, ерекше формаларда өтті. Сондай ақ, инстаграмм парақшасы арқылы да керемет сайыс өтті. Жеңімпаздар өздеріне арнайы дайындалған тәттілерін алды. Оқушылар барынша дайындалып, өздерінің ерік жігерлерін, ұмтылыстарын көрсетті.

Жалпы айтқанда, Ағылшын тілі декадасы жоғары деңгейде әрі қызықты өтті деген сенімдеміз. Алға қойылған мақсат орындалды деп ойлаймыз.

Әдістемелік онкүндіктің қорытындысы:

  • Жоспарланған жұмыстар толық жүзеге асты
  • Пән мұғалімдері ашық сабақ, сыныптан тыс іс шара және сайыстар өткізді
  • Пән мұғалімдері сабақ беру кезінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша, сыни тұрғысынан ойлау технологиясын, қызықты методикалар қолданды
  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артты

Ұсыныстар:

  1. Мұғалімдердің өзіндік  талдауын  жетілдіру.
  2. Сабақ беру кезінде уақытты үнемдеу
  3. Басқа пән мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс- шараларына қатысуы.

 

 

ӘБ жетекшісі:                  Сейпілова Райхан Русланқызы


Комментариев нет
264 просмотров
Автор: 24mektep
Добавлено: 22.11.2019 в 17:17

Возможно вас заинтересует...!