Меню KDT
Алтын күз

Бастауыш сыныптар арасында "Алтын күз" мерекесі өтті.


Сабақтың тақырыбы: Алтын күз

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың күз туралы білімдерін тиянақтау.Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.Танымдық әрекеттерін арттыру.Нанды қастерлеп,еңбек адамын қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:тақырып,мақалдар,жемістер,             

Өту барысы:Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім:

Міне,өлкемізге келген алтын күз өз белесіне шықты.Күз десек тау-тау болып жатқан қырмандағы бидай,қоймадағы қап-қап көкөністер,қамба толы жемістер еске түседі.Табиғат- күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі,құт берекесі.Осы табиғаттың төрт мезгілінің  ерекшелігімен есте қалатын қазан айы.Айнала сары түске боянып,сары алтындай жалтырап,көздің жауын алары сөзсіз.Күздің ерекшеліктері көп екен.

Не  қасиет бар дейсің,осы есімізде-

Деп  айтқаны әркімнің есімізде.

Ет  майымен тоқашын қолтықтап ап,

Байлық, ырыс әкелген осы бізге.

Талай-талай басынан таңды асыра,

Алтын дәнін тиеп ап арбасына

Қараңыз өзі бастап кеткен жоқ па,

Отанның берекелі қамбасына,-деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай,бүгінгі мерекемізде күз туралы,күздің кереметі туралы өнерімізді ортаға салайық.Ендеше бастауыш сынып оқушыларының өнерлерін тамашалайық.

1.Би: «Жапырақтар» 2-3 сыныптың қыздарының орындауында.

Ділназ:  Алтын түске боялды,

                Таумен қырқа дала тұр.

                Келді міне ортаға,

               Менің атым  алтын күз.

Мұғалім: Өзіңмен  бірге байлық,береке,молшылық ала келдің.Біз оған өте  қуаныштымыз.Барлық ән-жыр сізге арналады.Төрге шығып жайғасыңыз.

  1. Даярлық тобының өнерлерін тамашалайық.
  2. 1-сынып. Өлеңдерін оқиды.

 4.Ойын «Бұл қай көкөніс?»

Ойынның шарты:Көкөністің атын айтпай,сипаттап берем.Сендер  қай көкөніс екенін табасыңдар және үш тілде айту.(қазақша,орысша ағылшынша)

-Әдетте оны жесең бойың өседі.Ол не?

(Сәбіз)

-Пішіні сопақ.Ішінде дәні көп.Онымен бетті сүртеді.(қияр)

-Оның қабығын  алсаң,жылатады.Ол не(пияз)

-Оның түсі қызыл.Оны жесең,қан  көбейеді.

(қызылша)

-Сендер жеп жүрген чипсый неден жасалады?

(картоп)

Атаулары табылған көкөністерді балаларға көрсетіп,қолдарына ұстатамын.

  1. 2сынып

өлеңдерін оқиды.

6.

 7.3-сынып өлеңдерін оқиды.

Мұғалім: Алтын күздің жемісі дәмді болсын,

                   Көңіліміз жайнасын,әнге толқын

8.Ән: 2-сыныптың орындауында «»    

9 .  Ойын:Ағашта өсетін жемістерді атағанда қол  шапалақтайсыңдар.(алма,банан,алмұрт,жүзім,өрік)

Ал жерде өсетін көкөністерді атағанда аяқты тарсылдатасыңдар.(қияр,қызанақ,картоп,жуа,сәбіз)

8.Би: «Көкөністер» 4-сынып

9.Ән: «Ақ жауын» 3-сынып оқушыларының орындауында.

10.Көрініс: «Шалқан ертегісі»

11.Ән: «Алтын күз»

 

 

 


Комментариев нет
233 просмотров
Автор: b019skobilim
Добавлено: 23.09.2019 в 11:14

Возможно вас заинтересует...!