Меню KDT
Бала құқықтары туралы Конвенция


          Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялаудың 30 жылдығына және Дүниежүзілік балалар күніне орай «Дайындық негізгі мектебі» КММ-де келесі іс-шаралар өткізілді. Жалпымектептік тізілісте оқушылар декада жоспарымен таныстырылды. Бұл тақырыпта мектеп кітапханасында «Бақытты балалық шақ!» атты көрме ұйымдастырылды. Балалар құқықтары, міндеттері және Конвенциясы туралы  5-9 сынып оқушыларына сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар үлкен үзілісте «Мен бақыттымын», «Үлгілі отбасы», «Мен өмірді жақсы көремін!» бейнесабақтар ұйымдастырылды. «Мен және менің міндеттерім» тақырыбына эссе сайысы болды. Белсенді оқушылар  мақтау қағаздарымен марапатталды.

     1-9 сынып оқушылары арасынада салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында және «Жаны саудың - тәні сау» ұранын ұстанып,  «Көңілді старттар» өткізілді.

     11 қараша күні жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында «ата-аналардың балалар алдындағы жауапкершілігі», «балалар құқығы» жайында баяндамалар оқылды, «аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу» мәселелері жөнінде әңгіме болды.

     20 қараша күні жалпымектептік «Меломан 2019» музыкалық сайысы өтті. Онда әр оқушы өз өнерін ортаға салды. Сайыс 2 бөлімнен өлеңдерін караоке мен ән шырқады.    


Комментариев нет
298 просмотров
Автор: b0317skobilim
Добавлено: 21.11.2019 в 10:50

Возможно вас заинтересует...!