ҚАРТТАР КҮНІ
«Артық сөзсіз, артық ойсыз, терең сыйластықпенен Сіздерді Қарттар күнімен құттықтауға рұқсат беріңіздер!" - осындай сөздермен 2019 жылғы 10 қазан күні "№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені" КММ оқушылары ет комбинаты мен фармация ардагерлерін қарсы алды. Мектеп фойесінде ардагерлерді әр түрлі түсті шарлар ұстаған бастауыш сынып оқушыларынан құралған тірі дәліз күтіп тұрды.
Мектеп директоры А.Ф.Уалиева ардагерлерді Қарттар күнімен шын жүректен құттықтады. Бұл мейрам - уақыт пен адамдар арасындағы байланыстың үздіксіздігін еске алудың бір себебі. Үлкендерге деген құрмет болашағы бар, белсенді дамып келе жатқан қоғамның басты құндылықтарының бірі болып саналады. Біздің ардагерлердің бай өмірлік тәжірибесіне сүйеніп, олардың ақыл сөздерін тыңдап қана біз жан-жақты ойластырылған, сарапталған шешімдер қабылдай аламыз. Бүгін біз өмірінің қуаныштары мен қиындықтары, сәттіліктері мен жоғалтқандары артта қалған, еліне тұрақтылық сыйлап, гүлдендіру үшінбілек күшін аямай еңбек еткен адамдарға деген құрметіміздің бір бөлігін ғана көрсете аламыз.
Құттықтау сөзін қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Тасеменова Сара Кайралловна айтып, мықты денсаулық, сәттілік пен бақыт тіледі!
Сіздердің жандарыңызда әрдайым сүйікті және қамқор балаларыңыз, немерелеріңіз, достарыңыз болсын. Ұзақ және бақытты ғұмыр кешіп, мықты әрі сергек болыңыздар, жақындарыңыздың табыстарына қуана беріңіздер!
Автор: b148skobilim
Добавлено: 10.10.2019 в 13:00