Меню KDT
"Бүгінгі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ" атты сынып сағаты

Бүгін 20.11.2019 ж. күні С.Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің 6 "А" сыныбында Қазақстан Республикасы БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясын қабылдаудың 30 жылдығын, ратификациялаудың 25 жылдығын мерекелеу қарсаңындағы "Балалар үшін бірге" Бүкіләлемдік балалар күні шарасының жоспарына сәйкес "Бүгінгі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ" атты сынып сағаты болып өтті. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға адам құқығы, бала құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сынып сағатының барысында:
1.Тренинг "Қол соғыңыздар, егерде ..." ойыны
2.Оқушылар заң, конституция, конвенция ұғымдарымен және Бала құқықтары туралы конвенциямен толық танысты.
3."Сен білесің бе?" сұрақ-жауап
4."Тәртіп орнат" (сәйкестікті табу)
Сабақтың соңында оқушыларға үндеу жасалды:
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойыңдағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Ар-намысыңды биік ұста. Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен - тәуелсіз еліміздің болашағысың!
 
Комментариев нет
355 просмотров
Автор: 37mektep
Добавлено: 20.11.2019 в 20:36

Возможно вас заинтересует...!