СҮЙІСПЕНШІЛІК - АДАМНЫҢ БАСТЫ ҚАСИЕТІ, АҚИҚАТ - ОНЫҢ НЕГІЗІ, ДҰРЫС ӘРЕКЕТ - ОНЫҢ ШЫНАЙЫ ӨМІРІ....
Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері С.Нұрмаханова мен Р.Жанабекова аталмыш тақырыпта 6-8 сынып оқушыларының ата-аналарымен тренинг сабақ өткізді. Аяздың аптабына қарамастан, бала тәрбиесін назарда ұстайтын ата-аналарымызбен жылы кездесу бізді де марқайтып тастады. Сабақтың бастамасы "Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы" деген ойлармен бастау алып, тарқатылды. Ата-аналармен адами бес қасиетті құндылық туралы бірге талқыланып, шығармашылық жұмыстар жасалды. Тренинг сабақ ата-аналар үшін заманауи баланы рухани азық бере отырып, адамдықтың асыл 5 құндылығын сіңіре отырып тәрбиелеудің жолдарын қарастыруда маңызды дүниелердің басын ашуға септігін тигізді. Мектеп педагогтары рухани даму жолында оқушы үшін де, ата-ана үшін де көмек қолын ұсына алатындықтарын тағы бір көрсетті. Болашақта оқушыны ата-анамен бірге тізерлесіп тәрбиелеуге шақырдық.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены