РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ЖАН АЗЫҒЫ
Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 9-сынып оқушыларымен бірге рухани азық, рухани құндылықтар төңірегінде Нұр-Сұлтан қаласы Тіл басқармасының «Руханият» орталығының бастамасымен лекция сабақ өткізілді. Лекция сабақтың басты кейіпкерлері филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы, қоғам қайраткері Темірбек Омар Жәлелұлы мен «Руханият» орталығының бөлім басшысы Өтепбаев Тоба Монтайұлы болды. Омар Жәлел ағамыздың Абай, Шәкәрім, Жүсіп Баласағұн секілді қазақ ойшылдарының ой тізбегін талдауда өмірдің әрбір сәтін мысалға ала отырып тыңдаушысының санасын жаңғыртар бүгінгі сағаты өте мазмұнды, терең әрі пайдалы өтті. Бізге – үлкендерге де біраз ой салды. Шәкірттерімізге жаңа серпін берді. Бүгінгі ұрпақ санасын рухани жаңғыртуда жасалған тағы бір игі іс болды.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены