Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы
Хаттама №1
22.08.2019 жыл
Қатысушылар саны- 35 ата-аналар
Мектеп директоры, ата-аналар комитет мүшелері
Күн тәртібінде:
- 2019-2020 оқу жылындағы ата-ана комитеті төрайымының есебі.
- Мектептегі « Қамқоршылық кеңес» жұмысы туралы;
- 2019-2020 оқу жылында «Қамқоршылық кеңес» жұмысын жандандыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру.
- Ата-ана комитеттері мен қамқоршылық кеңес мүшелерінің міндеттері.
- «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізу туралы.
Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы
Хаттама №1
22.08.2019 жыл
Қатысушылар саны- 35 ата-аналар
Мектеп директоры, ата-аналар комитет мүшелері
Күн тәртібінде:
- 2019-2020 оқу жылындағы ата-ана комитеті төрайымының есебі.
- Мектептегі « Қамқоршылық кеңес» жұмысы туралы;
- 2019-2020 оқу жылында «Қамқоршылық кеңес» жұмысын жандандыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру.
- Ата-ана комитеттері мен қамқоршылық кеңес мүшелерінің міндеттері.
- «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізу туралы.
- Тыңдалды: Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ата-аналар комитетінің төрайымы Б.Е.Кыдыбекова 2018 -2019 оқу жылында ата-аналар комитет мүшелерімен бірлесе атқарылған жұмыстардың есебін берді. Жыл бойынша мектепішілік іс-шаралар: «Алтын күз», «Кел, Жаңа жыл!», «Тілдер мерекесі» «Қала күні» т.б. өткізілген іс-шараларға қатысып, қолдау көрсетті. Әр айдың соңында мектеп асханасының жұмыс барысын тексеру мақсатында акт толтырылып, жағдайы бақылауға алынды. 1 маусым –балалар күніне орай өткізілген мектепішілік ісшараларға мектеп оқушыларының қатысуына ата-аналар мен мұғалімдер тарапынан көмек көрсетілді.
Шешімі: Келесі оқу жылында да ата-аналар комитеттерінің жұмыстары жүргізілсін
- Тыңдалды: Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп директоры Г.Х.Ескаков ата-аналарға «Қамқорлық қорының» маңыздылығы туралы айтып өтті.
- Тыңдалды: Күн тәртібіндегі екінші мәселе қайтадан жұмысын жандандыру керектігі айтылды. Қамқоршылық кеңес арқылы мектепке жан-жақты қолдау көрсету, материалдық-техникалық базасын нығайтуға қолдау керектігін айтып өтті. Сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
- 4. Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Белгілі ақын Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ ата-аналар комитеті төрайымы тыңдалды. Б.Е.Кыдыбекова 1-9 сынып ата-аналар комитеттерінің төрайымдарына ата-аналар комитеттері мен қамқоршылық кеңесінің міндеттері мен атқаратын іс-әрекеттері жайлы айтты. Б.Е.Кыдыбекова - қамқоршылық кеңес мектептің өзін-өзі басқару органы болып табылатынын және мектептің қызметі мен дамуына жәрдемдесу үшін құрылатынын айтып өтті. Қамқоршылар кеңесі мектептегі балалардың қажетіне пайдаланылатын материалдық жағдайын қамтамасыз ету, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, мектепке жабдықтар, материалдар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер сатып алуға көмектесу үшін құрылады
Шешімі: Ата-аналар комитетінің төрайымы Б.Е.Кыдыбекованың айтқан ақпаратына назар аудару.
- 5. Тыңдалды:
Бесінші мәселе барысында Рахимова З.Т. білім мекемесінің бұйрығымен таныстырып, 2018-2019 оқу жылының басталуына орай, мектепте «Мектепке жол» акциясын ұйымшылдықпен өткізу керектігі туралы айтып өтті. Өткен жылда, «Данияр» АГРО ұйымы мектеп оқушыларына тегін ыстық тамақ пен тасымалды оқушылардың жол жүруге тегін көмек көрсетілді. Әрбір қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ата-аналар тарапынан мүмкіндігінше атсалысып, қамқорлық жасау маңызды деп атап өтті. Жақын оңтүстік елдерден де қоныс аударған білім алушыларға да өз кезегінде көмектің көрсетілгені де әлеуметтік тұрғыда қолдау екендігін айтып өтті.
Қаулы:
1..Мектептегі «Қамқоршылық кеңес» жұмысы ата-аналармен бірлесіп жұмысы жандандырылсын.
- Әлеуметтік қолауды қажет ететін білім алушыларға уақытында қолдау жүзеге асырылсын.
Кеңес төрағасы: Шалабаева Д.О.
Кеңес хатшысы: Сайбанова Н.С.
Ата-аналар
комитетінің төрайымы: Б.Е.Кыдыбекова
Автор: b0515skobilim
Добавлено: 04.11.2019 в 13:15