← Назад к новостям
11 сынып оқушыларының ата- аналар жиналысы

11 сынып оқушыларының ата- аналар жиналысы

16mektep
16.11.2019 в 18:03
671 просм.
Нет комментариев

16- шы қарашада, 11 "А" сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д. А. Алиева мектеп оқушыларын қорытынды аттестаттаудың үлгі ережелерімен және 2020 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы таныстырды. Қорытынды аттестаттау форматы бұрынғысынша қалады, бірақ 2019 жылдан бастап ҰБТ-ны өткізу жаңалығы енгізілді:
* Түлектер ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу үшін тестілеуге жылына 4 рет қатыса алады – қаңтар, наурыз,маусым-шілде, тамыз айларында
• ҰБТ-ны қаңтар және наурыз айларында тапсырғаннан кейін бітіруші сынып оқушылары негізгі ҰБТ-ны маусым айында тапсыру және мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндігінен айырылады;
* Ағылшын тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар адамдар үшін "шет тілі"пәні бойынша ҰБТ-дан босату нормасы енгізіледі.

Автор: 16mektep · 16.11.2019
671
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT