Меню KDT
Алтын күз!


Мақсаты: оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау. Ұйымшылдыққа, өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсете білуге тәрбиелеу.

1-ж: «Алтын күз» мерекесі – мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі! Күз –жеміс – жидектердің пісіп, алтын астықтың қамбаларға құйылатын, төлдер өсіп, санаққа қосылатын мезгіл. Жиын – терін аяқталған кезде еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектептерде «Алтын күз» мерекесі өткізіледі.

2-ж: Армысың оқушылар!

Білімнің нұрын көксеген.

Армысыз, асыл ұстаздар

Із қалдырып артына

Білімімен нұр шашып

Болашаққа жол сілтеген

1-ж:

Армысыз, ата-аналар,

Бізге өмір сыйлаған.

Сіздерге арнап біз бүгін,

«Алтын күз» кешін басталық

Рұқсат бізге болса егер.

2-ж:

 Күз халқымның ежелден берекесі,

Жерден ғой адамзаттың несібесі

Тойлаймыз біз бүгінгі күз мейрамын

«Алтын күз» құтты болсын мерекесі!

1-ж:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді бүгінгі күз мерекесімен құттықтаймыз!

2-ж: Береке бірлікпенен ортақтассын,-дей отырып, құрметті көрермендер, бүгінгі жыл сайын мектебімізде өтетін дәстүрлі «Алтын күз» кешіне жиылып отырмыз. Бұл сынға 5-9 сыныптардан 4 топ қатысқалы отыр және 1-4 сынып оқушылары қатысқалы отыр.

1-ж:

Кешімізді бастамас бұрын «өнерге бас иетін, әділдікті сүйетін, әділ баға беретін, абзал жандар көп бізде» дей келе оқушылардың өнерлерін, шеберлдіктерін, тапқырлықтарын бағалайтын әділ қазылар алқасын сайлайық. Әр бөлімге 5 балдық жүйемен бағаланады.

  1. Технология мұғалімі – Омаров Абай Саркенович
  2. Тәрбие ісінің меңгерушісі – Өміржанова Жансұлу Сапарқызы
  3. Ата-аналар комитетінің төрайымы-Қылышбаева Күләй Жәнәбілқызы

2-ж:

Ал енді бүгінгі кештің жоспарымен таныстырып өтсек:

  1. Таныстыру (эмблема, өздерін таныстыру)
  2. Өз өнерлерін көрсету. (ән, би)
  3. Викториналық сұрақтар.
  4. Сән үлгісі
  5. Күзгі композиция (жапырақтан салу)
  6. . Салат жасау.
  7. Әзіл-ысқақтар
  8. Күзгі көрініс. /Үй тапсырмасы/. /фантазия/


Комментариев нет
284 просмотров
Автор: b0521skobilim
Добавлено: 07.11.2019 в 16:02

Возможно вас заинтересует...!