Меню KDT
«Спорт-қозғалыс, қозғалыс-өмір»

«Тәні саудың-жаны сау» демекші, салауатты өмір салтын қалыптастыруда  мектебімізде көптеген іргелі істер қолға алынып, нақты жұмыстар атқарылып жатыр. 2019 жылдың 30-қараша күні мектебімізде дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында волейбол сайысы өтті. Бұл сайыстың басты мақсаты мектептегі мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, үздік ұжымды анықтау және де оларды салауатты өмір салтына бейімдеу болып табылады. Сайысқа барша ұстаздар қауымы әр әдістемелік бірлестіктер бойынша түгелдей белсенді қатысты. Алдағы уақытта осындай спорттық іс-шаралар жиі өткізіліп тұрса, тек мұғалімдер ғана емес, ата-аналар мен  оқушыларды да қатыстырса, олардың спортқа деген қызығушылығын оятуға септігін тигізер еді және бұл үштік одақ бірге жұмыс жасайтын болса, мектеп пен ата-ана арасында ынтымақ, береке, бірлік нығая түсер еді.    

Комментариев нет
198 просмотров
Автор: 69mektep
Добавлено: 30.10.2019 в 16:58

Возможно вас заинтересует...!