Меню KDT
1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді



Қазақстанда 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап мекенжай анықтамасы алып тасталды. Қазақстандықтар өздерінің тіркелген жерін egov.kz электронды үкімет порталындағы жеке кабинетінде немесе eGov mobile қосымшасы арқылы тексере алады. Мемлекеттік органдарға қазір өздерінің ақпараттық жүйелері арқылы осы ақпарат қолжетімді, ол ІІМ деректер базасымен кіріктірілген.
Еңбек қатынастарын реттеу
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік серіктестік департаментінің директоры Бағлан Жолпошов айтып өткендей, еңбек заңнамасында мекенжай анықтамасын ұсыну бойынша талап жоқ. Жұмыс беруші мұндай құжаттарды талап етуге құқылы емес. «Еңбек келісімшартында тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетіледі. Бұл жетклікті. Қызметкер оны өз бетінше толтырады. Тұрғылықты жері бойынша алалауға да жол берілмейді. Егер жұмыскер алалауға ұшыраса, онда жұмыс беруші еңбек заңнамасында көрсетілмеген құжаттарды талап етсе, қызметкер жұмыс берушінің іс-әрекеттеріне шағымдана алады. Ол өзінің құқығын қорғау үшін сот органдарына жүгіне алады, өйткені ол әлі жұмыскер емес, әрі еңбек қатынастарына тіркелмеді», – деді Б.Жолпошов. Егер азамат сол жердің жұмысшысы болса, онда ол жұмыс берушінің іс-әрекеттеріне еңбек инспекциясы бойынша жергілікті органға шағымдана алады. Еңбек инспекциялары барлық өңірлерде әкімдіктер жанында жұмыс істейді. Тексеру негізінде жұмыскердің құқықтары қорғалатын болады.
Білім беру ұйымына алу
ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің басқарма бастығы Гүлнаш Қошқарова «Білім беру туралы» ҚР Заңының 49-бабының 1-тармағына сәйкес білім беру ұйымдары баланың қалауына, жеке қабілеттеріне және ерекшеліктеріне байланысты ата-аналарды және басқа заңды тұлғаларды білім ұйымдары таңдау құқығына ие екенін айтты. «Білім беру ұйымына балаларды қабылдаудың типтік ережелеріне тиісті өзгерістер енгізілді. Мекенжай анықтамасы алынып тасталды», – деп түйіндеді Г.Қошқарова.
Еске салайық, 1 қарашадан бастап Қазақстанда мекенжай анықтамасы алынып тасталды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен шығарылды. Демек мемлекеттік органдар, мектептер, медициналық ұйымдар т.б. 1 қарашадан бастап азаматтардан мекенжай анықтамасын талап ете алмайды. Оны «Азаматтарға арналған үкіметтің» филиалдарынан да, электронды үкімет порталынан да алу мүмкіндігі болмайды. Қажет болған жағдайда қазақстандықтар тіркеуге тұрған мекенжайларын egov.kz электронды үкімет порталы мен eGov mobile қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады. Айта кету керек, азаматтар екінші деңгейлі банктердің қызметіне жүгінген жағдайда, мекенжай анықтамасы талап етілген болса, ЕДБ клиенттері Ұлттық банктің Қоғамдық қабылдауларына шағымдана алады. Қажетті байланыстар ведомство сайтында көрсетілген. Анықтама телефондары: 8 (727) 2 788-104 (ішкі 5573).

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bylu-manyzdy/item/351779-mekenzhaj-any-tamasyn-alyp-tastau-memlekettik-yzmetter-alaj-k-rsetiledi


Комментариев нет
336 просмотров
Автор: 7mektep
Добавлено: 13.11.2019 в 12:30

Возможно вас заинтересует...!