В данном файле доступты нормативные документы по дошкольному обучению
В данном файле доступты нормативные документы по дошкольному обучению.
БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ЖАСТАН ДАМЫТУ ҮШІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚҰРУ БОЙЫНША
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ЖӘНЕ
АТА-АНАЛАРДЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
БАҒДАРЛАМАСЫ
-тарау. Жалпы ережелер
- Балаларды ерте жастан дамыту үшін психологиялық-педагогикалық жағдай құру бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің және атааналардың ынтымақтастығы бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен дамытуда бірыңғай тәсілдерді белгілеу мақсатында әзірленді.
Бағдарламаны құрастыру үшін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі-Стандарт) негіз болып табылады
-
- Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналардың ынтымақтастық жүйесі білім беру ортасының негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын тәрбие-білім беру процесіне қатысушылардың (педагог, балалар, ата-аналар) өзара әрекеті арқылы жүзеге асырылады.
- Мақсаты: мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерте жастағы балалардың толыққанды дамуына бағытталған психологиялық-педагогикалық білім жүйесін игерту арқылы педагогтар мен ата-аналардың ынтымақтастығын қамтамасыз ету.
- Міндеттері:
- әр баланың отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнату;
- мектепке дейінгі ұйым жағдайына баланың табысты бейімделуі және дамуы үшін қолайлы психологиялық ахуал орнату;
- әр баланың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне бағытталған білім беру әрекетін құру;
- баланың психикалық дамуына және тұлғалық өсуіне ықпал ету,
әлеуметтік дағдылары мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын дамыту;
- ерте жастағы балаларды күту, тәрбиелеу мен оқыту мәселелерінде атааналардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру;
- коммуникативтік біліктер мен сенсорлық дағдыларды қалыптастыру үшін заттық-кеңістіктік білім беру ортасын құру;
- балаларды физикалық және психикалық зорлық-зомбылықтың барлық
түрлерінен қорғау;
- неғұрлым тиімді жұмыс түрлерін іздену және енгізу арқылы ата-аналарды балабақша өміріне қатысуға тарту.
- Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:

- мектепке дейінгі ұйым жағдайына ерте жастағы балалардың бейімделу мерзімінің қысқаруы;
- мектепке дейінгі ұйымға бейімделу кезеңінде балалардың стрестік жағдайларды табысты еңсеруі;
Автор: b128skobilim
Добавлено: 11.11.2019 в 11:42