Қазіргі әлемде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы,халық санының артуы, қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы табиғатқа үлкен қауіп төндіруде, осы орайда жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру-бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі, оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға, аялауға деген көзқарасын қалыптастыру.

Осы орайда 3-қазан күні мектебімізде эко сағат сынып сағаттары өткізілді. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі 3 қазанда Дүниежүзілік мекендеу орнын қорғау күні деп аталып өтуде.
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ" деп, табиғаттың тілсіздігі үшін қынжыламыз. Жоқ, табиғаттың да тілі бар. Таза табиғат үшін күрес — өмір үшін күрес, келешек, болашақ үшін күрес әрқайсымыз өзіміз өскен ортаның табиғатын қорғауға міндеттіміз. Табиғат адам баласын дүниеге келтірген аяулы ана бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы және өсіп-өнген мекені.
Осы тақырыптың аясында мектепте сынып сағаттары ұйымдастырылды.Оқушылар қызығы да, тамсана да тапсырмаларды орындап өз қызығушылықтарын көрсете білді.
Табиғатымызды аялайық, сақтайық, оны таза күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету – біздің парызымыз.
Автор: b0828skobilim
Добавлено: 07.10.2019 в 15:35