Адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алтын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету.
Осы орайда 7-қазан күні мектебімізде даярлық тобынан бастап – 10-сынып аралығында адалдық сағаты өткізілді. Адамның ниеті, ойы, іс-әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез-келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан-дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді. Адам боп, өзін-өзі меңгермесе,әр адам дүние есігін ашып шыр етіп өмірге келген күннен бастап жүрек қалауымен, ата-анасының берген тәрбиесімен, жақсылық жамандықты көре жүріп өмір сүре бастайды. «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» дегендей.


Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены