Меню KDT
ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ ІС-ШАРА «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»

Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен бірыңғай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» өткізілді. Сабағымызға «Адалдық алаңы» жобасының менеджері Гүлнар Мансұрқызы Умарова қатысып, 8-сынып оқушыларымен достық жылы ниетпен ой-пікір алмасты. Оқушыларымыз Гүлнар Мансұрқызының «Кімге ұқсағыларыңыз келеді?», «Адалдық дегенді қалай түсінесіздер?», «БЖБ мен ТЖБ жұмыстарын қалай жазасыздар?» деген секілді сұрақтарына жауап беріп, кейбірі өзіндік ойларымен де бөлісті. Баламен әңгіме қашан да шындық пен тазалықтан тұрады, пікірлесу соңы оқушыларға «адамның өзіне адал болу» қажеттігі туралы жақсы ойларға жалғасты. Сабақ жалғасы арнайы презентация бойынша сынып жетекші Меруерт Қамзеқызы Рахымжанованың тарқатуымен өтті.
Екінші бөлімде «Адалдық алаңы» жобасы бойынша мектептің барлық қабаттарында оқушы игілігі үшін пайдаға асырылған жобалар мен аймақтар, кабинеттер мен мәдени орындармен таныстыру жұмысы жүргізілді. Мектебіміздің қазіргі таңдағы жарқын бейнесі көрсетілді.

Комментариев нет
326 просмотров
Автор: 37mektep
Добавлено: 06.11.2019 в 16:52

Возможно вас заинтересует...!