Нұр-сұлтан қаласы № 9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің 7Б сыныбы 2019 жылдың 3 қазан күні Нұр-сұлтан қаласындағы «Атамекен» атты ашық аспан астындағы этномемориалдық кешеніне барды.
Нұр-сұлтан қаласы № 9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің 7Б сыныбы 2019 жылдың 3 қазан күні Нұр-сұлтан қаласындағы «Атамекен» атты ашық аспан астындағы этномемориалдық кешеніне барды. Барған оқушылар Қазақстан Республикасындағы барлық Батыс, Шығыс, Оңтүстік және Солтүстік өңірлеріндегі тарихи орындарымен танысты. «Атамекен» Қазақстан картасы» 2001 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған болатын. Қазақстанның тарихи орындарының шынайы макеттері балаларды шынымен таңқалдырды. Бір мезетте барлық Қазақстанды шарлап өткендей әсерде болды. Бүгінде осы этномемориалдық кешенде 400-ден аса тарихи-мәдени макет бар. Таулар, жоталар, далалар, ормандар, символды түрде белгіленген ірі қалалар осы мәдениет сәнін келтіреді. «Атамекен» кешенінің қызықты бөлігінің бірі Каспий теңізінің сәнді безендірілген үлгісі. Еліміздің басты автомобиль және теміржолдарына сәйкес келетін жолдармен саяхат Қазақстанның ең маңызды деген әсем жерлерін зерттеуге мүмкіндік береді. Еліміздің тарихи орындарына саяхат, Отанымыздың географиясын танып, өскелең ұрпақты қасиетті мекеннің иесі ретінде сезінеуге үйрететін «Атамекен – Қазақстан картасы» атты этномемориалды кешені оқушыларға керемет әсер қалдырды. Барлық оқушыларды осы этномемориалдық кешеніне баруға шақырамыз.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены