Меню KDT
5-7-сыныптар арасында жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтілді

Бүгін   2019 жыл 6 қарашада Нұр-Сұлтан қаласындағы №60 мектеп-лицейінде  5-7-сыныптар арасында жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтілді. «Адалдық сағатының» мақсаты   –   жас ұрпақтың бойына Отанға деген, туған жерге, ата-анаға, достарына деген адалдық қасиетін қалыптастыру, оқушыларға адамгершілік-ізгілік тәрбиесін беру. «Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл» деп Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай, халқымыз ежелден тура жолмен жүруді жөн көрген. Ұлы ақын Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі» деп бекер айтпаса керек.  Қазақ ұлтымыз ар-ұятты, адалдықты өлімнен де жоғары қойған. Сондықтан кешегі ұлылардың бүгінгі ұрпақтары – бүгінгі жас ұрпақ,  әрқашан адал болуды өмір салтына айналдыруы тиіс.

Бүгінгі өтілген «Адалдық сағатында»  оқушыларға адалдық, ар-иман секілді ізгі қасиеттерді сақтап, тура жолмен жүру туралы тағылымы мол тәрбие берілді. Қазақстанның әрбір азаматы адалдық  жолын таңдар болса, мемлекетіміздің көркейіп дамуына үлес қосатындығы ақиқат.

Комментариев нет
521 просмотров
Автор: 60mektep
Добавлено: 06.11.2019 в 15:15

Возможно вас заинтересует...!