«Отбасы -тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» бірыңғай сынып сағаты



№27 мектеп-лицейінде «Отбасы –тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы» атты тәрбие сағаты өтті. Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мәліметтерді береді және онда басқалармен қарым - қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сынып сағаты барысында оқушылар өзінің отбасы, отбасындағы дәстүрлер, отбасындағы ата-ананың және баланың міндеті туралы кластер құрастырды, эссе жазды, өз ойларын дәлелдеді, отбасымен бірге түскен суреттерден коллаж жасады, суреттер салды, белгілі бір жағдаяттарға байланысты көріністер көрсетті.
4 «А» сыныбы сынып сағатына Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының актері Жұмаш Қалыбек Жонайұлын шақырды. Актер оқушылармен сұхбатында өзінің балалық шағы, шығармашылық жолымен бөлісіп, оқушыларға ақ батасын берді. Кездесу соңында 4 «А» сынып оқушысы Бауыржан Мерей өзі шығарған «Отбасым – байлығым» өлеңін оқыды.
Сынып сағатының соңында балалар өз ойларын, сынып сағатынан алған әсерлерін жазды. Оқушылардың жазғанын түйіндей келе, «Тәрбие бастауы – отбасы» деген қорытынды жасауға болады.Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены