← Назад к новостям
Жүзден жүйрік біздің мақтаныштарымыз

Жүзден жүйрік біздің мақтаныштарымыз

b075skobilim
06.11.2019 в 10:47
447 просм.
Нет комментариев

Намысты қолдан бермей, спорт, өнер болсын көп жарыстарда оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болып жүр. Мақсатымыз сол жеңімпаздарды марапаттап алдағы уақыттарда сәттілік тілеп, қошеметтеу. 


Намысты қолдан бермей, спорт, өнер болсын көп жарыстарда оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болып жүр. Мақсатымыз сол жеңімпаздарды марапаттап алдағы уақыттарда сәттілік тілеп, қошеметтеу. Сол мақсатта "Парасат" мектеп-лицейінде 5-қазан күні Қазақстан Республикасының маунтинбайк спорт түрінен ІІ орын алған оқушымыз Бейсембай Мансұрды, сәндік-қолданбалы Республикалық көрмесінде ІІ орын алған Сапарова Дильназды және Республикалық көркем гимнастика сайысында ІІІ орын алған Абдуллаева Томиристі жүлделерімен құттықтау салтанаты болып өтті. Бұл салтанатқа Мансұрды құттықтауға велосипед спорты бойынша СДЮСШОР басқарушысы Парахин Владимир Алексеевич, жаттықтырушылары мен атасы Бейсембай Нұрғазыұлы құрметті қонақ болып келді. Барлығы жүлдегерлерді шын жүректен құттықтап, соңында Саят пен Әлидің "Туған жер" әні тыңдалып, естелік суретке түсумен аяқталды.








Автор: b075skobilim · 06.11.2019
447
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT