← Назад к новостям
Күзгі бал

Күзгі бал

b0813skobilim
24.10.2019 в 18:09
374 просм.
Нет комментариев

Күзгі бал


Мектебімізде  «Күзгі  тамашалар»  атты ойын-сауық байқауы  мерекесі өткізілді.

Мәжіліс залы әдемі мерекеге сай безендірілді. Балаларға қонаққа Күз Ханшайымы келді. Ол өзінің  сиқырлы себетімен саңырауқұлақ туралы жұмбақтар, көңілді ойындар, әндер мен билер әкеліп тарту етті. «Жапырақты  жина»  атты байқауда 4 сынып оқушылары жеңіске жетті; «Жұмбақ шешу»  байқауында 3А сыныбы жүлделі орын алды.  «Көкөністер  дискотекасы» атты байқау көңілді өтті,  өйткені бұл байқауға оқушылар және оладың ата-аналары қатысты. Мерекенің  ең кішкентай қатысушылары  бірінші сынып оқушылары «Күзгі  орман» атты пазл жинау тапсырмасын орындады, басқа сыныптардың  оқушылары  белгілер арқылы  сәйкестендіру тапсырмасын орындап, көрермендермен  талқылады, бұл байқаудың жеңімпаздары 2 және 3 Б сыныптың оқушылары болды. Мерекеде би және әндер айтылып, көңілді болды. Соңында әр сыныпқа  жеңімпаздар дипломы, «Күз Сыйы» атты  көрме байқауына қатысқандарға мадақтамалар  берілді.

Автор: b0813skobilim · 24.10.2019
374
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT