5 сынып жетекші Жолдасова А. "Бала құқықтары туралы Конвенция" атты сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: «бала құқығы», «адам құқығы», «құқық» теминдерінің, балалардың құқықтары туралы Конвенция ережесінің қабылдаған және оны түсіну үшін жағдайлар жасау
Міндеттері:
• Балалардың құқықтары бойынша Конвенция туралы балалардың ақпарат алуын арттыру.
• Адамгершілікті дамытудағы осы қабылданған халықаралық құжаттың көкейкестігін сезінуді қалыптастыруға ықпал ету.
• Заңды тұрғыдан өзін қорғай алатын дағдыларды дамытуға көмектесу.
Бала құқықтары туралы Конвенция
Күні: 04.10.2019
Мақсаты: «бала құқығы», «адам құқығы», «құқық» теминдерінің, балалардың құқықтары туралы Конвенция ережесінің қабылдаған және оны түсіну үшін жағдайлар жасау
Міндеттері:
• Балалардың құқықтары бойынша Конвенция туралы балалардың ақпарат алуын арттыру.
• Адамгершілікті дамытудағы осы қабылданған халықаралық құжаттың көкейкестігін сезінуді қалыптастыруға ықпал ету.
• Заңды тұрғыдан өзін қорғай алатын дағдыларды дамытуға көмектесу.
Тәрбие сабағы барысы:
Сабақтың мақсаты мен міндетімен таныстыру.
«Қол соғыңыздар, егерде ...» ойыны
- сіздер бүгін жақсы көңіл-күймен және жаңа білім алуға келсеңіздер ме;
- кімді адам құқығы, оның ішінде баланың құқықтары ойландырады ;
- кім адам құқықтарын және бала құқықтарын сақтап және құрметтей отырып жұмыс істеуге дайын.
1. Конвенция ұғымын қалай түсінетіндігі туралы жаттығу.
Бала құықтары туралы Конвенция – бұл шарт, онда әлемдегі барлық балаларға қатысты, олардың құқықтары туралы айтылады. «Конвенция» сөзі бізге латын тіліннен келген, ол «шарт, келісім» дегенді білдіреді. Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы 1989 жылы 20 қарашада қабылданды және жалпы адам құқықтары декларация негізінде жасалды.
Конвенцияны бекіткен елдер оның кепілі болып табылады. Бала құықтары туралы Конвенция – бұл барлық дүниежүзіндегі мемлекеттер кепіл болатын, жалғыз ғана халықаралық келісім. Конвенцияға тек қана кепіл болмаған елдер АҚШ және Сомали.
Құжат 54 баптан тұрады, әрқайсында әртүрлі құқықтар жан-жақты қарастырылған.
Қатысушыларға Конвенцияның 4 принципі түсіндіріледі:
- кемсітпеу
- өмір сүру үшін жақсы жағдай жасау
- баланың пікірін мен көзқарасын құрметтеу
- әлеуметтік және мәдени, ақыл-ойының, эмоциялық, психологиялық, дене күшінің дамуын қалыптастыру.
Одан кейін оқушылар топқа бөлінеді, оларға осы ұғымдарды талқылау ұсынылады (олар осы ұсынымдармен келісеме). Одан кейн айтылған пікірлерді дәлелдеп, Конвенцияда бекітілген принциптер неге сәйкес екендігі.
Мысалға бекітілгендер
• Көшпенділер барлық құқықтарға ие. Егер олар бір жерге тұрақтанғысы келмесе, ол олардың өз мәселесі.
• Қазақстанда нәсілшілдік жоқ.
• Біздің облыста балалардың проблемаларын шешуде жасөспірімдердің пікіріне құлақ асады.
• Барлығының өз құқықтарын жүзеге асыру үшін мүмкіншіліктері бірдей.
• Қазір кім кедей тұрса, онда олар мектепте нашар оқығандар.
• Біз нақты сенімдіміз біздің елде барлық балалар бақытты, олардың дамуы үшін барлық жағдай жасалған .
• Озбырлық көрсету дұрыс емес.
• Біздің елде нағыз кедейшілік жоқ.
• Ұл мен қыздың арасында теңдік болу қажет.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены