Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздігі сіздерге ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері тапсырылатыны жайла К Е Л І С І М Ш А Р Т.
Қауіпсіздік ережелері ата-аналарға сіздерден балаларыңыздың демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын орындау туралы және келесі нұсқаулықтарды орындауларыңызды сұраймыз және ескерту жайлы мәлімет. Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздігі сіздерге ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері тапсырылады.
К Е Л І С І М Ш А Р Т
Қауіпсіздік ережелері ата-аналарға
Құрметті ата-ана!
__________________________________________________________________!
Сіздерден балаларыңыздың демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын орындау туралы және келесі нұсқаулықтарды орындауларыңызды сұраймыз және ескертеміз.
Сіздің ұлыңыз (қызыңыз) жазғы (28.10-04.10.2019 жыл аралығындағы) күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздігі сізге тапсырылады.
Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері:
1) Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
2) Демалыс мезгілінде су қауіпсіздігін сақтауын қадағалау: жасы кішкене балаларды өздігінен өзенге жібермеу; өзенге су адуға барғанда терең жерге бармау туралы ескерту;
3) Сіріңке, жарылғыш, тез жанғыш заттарды, пышақ, тағы да басқа денсаулыққа зиян әкелетін заттарды қолдануға болмайтынын ескертіп отыру;
4) Демалыс мезгілінде кешкі 22.00.ден кейін далада жүрмеуге; жолда , көшеде келе жатқанда бейтаныс адамдармен қарым-қатынасқа түспеуге, сөйлесуге болмайтынын ескертіп отыру;
5)Ауылды мекендерде орналасқан ойын-сауықтыру мекемелеріне (кафе, ресторан, түнгі клубтар; т.б.) мектеп оқушыларының баруға болмайтыны туралы, тыйым салынатынын ескертіп отыру.
6)Жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, аудан мен қалаладағы үлкен жолда арнайы, жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүру қажеттігін үнемі ескертіп отыру;
7) Есіл өзеніндегі көпірден, қолдан жасалған су өткелдерінен, қайықпен өту кезінде абай болу қажеттігін естеріне салып отыру;
Осы қауіпсіздік ережесін оқып, келісемін деп қол қойыңыз.
Ұлыңыз (қызыңыз) _____________________________________ жол ережесін,өмірдің қауіпсіздік негіздерін (судағы, өрт, ток, газ, түрлі жарақаттар т/б қауіпсіздіктерді) үнемі ескертіп,сақтандырып отырыңыз.
Ата-анасыз қыдыруына жол бермеңіз.
Демалыс уақытында тәртібі мен өміріне жауапкершілікпен қараңыз.
Мына ережелерді ескертіп отырыңыз:
1.Жар жағалап ойнауға, Есіл өзені айналасына ойнауға, жалғыз балық аулауға баруға болмайды!
2.Өзен, көлдерге жалғыз суға түсуге баруына жол бермеңіз!
3.Ауа райының үнемі өзгеріп тұруына байланысты далада көп жүруіне жол бермеңіз!
4.Той,туған күн кештеріне жібермеңіз, ерітіп бармаңыз!
5.Көшеде жүру ережесін үнемі ескертіп отырыңыз!
6.Жол үстінде ойнауына жол бермеңіз!
7.Өмірдің қауіпсіздік негіздерін(жолда жүру,өрт,газ,су,ток,түрлі жарақаттар т/б қауіпсіздіктерді) ескертіп отырыңыз! Қадағалап отырыңыз!
8.Балаңыздың жалғыз ойнауына,жүруіне,көше,ауыл қыдырып ойнап қараусыз қалуына жол бермеңіз!
9.Қараңғы түскесін балаңызды көшеге шығармаңыз!
10.Бос уақытында немен шұғылданып жүргенін,кімдермен жүргенін сұрастырып,анықтап отырыңыз!
11.Ұялы телефон қолданса уақыт белгілеңіз,күні-түні телефонда,теледидар алдында отыруға жол бермеңіз!
12.Әлеуметтік желіде отырса қандай сайттарда отырғанын,кіммен сөйлесіп отырғанын үнемі қадағалап отырыңыз!
Осы ережелерді үнемі ескертіп, қадағалап отыруыңызды сұраймын.
Осы күннен бастап ұлыңыз (қызыңыз) ___________________________________________ барлық қауіпсіздігі (өмірі мен денсаулығы) жауапкершілікпен сізге жүктеледі.
Аталған нұсқаулықтардың орындалуына, талаптардың қатаң сақталуына ата-ана тікелей жауап беретінін естен шығармау және орындалуының жауапкершілігі ата-аналарға міндеттеледі.
Таныстым_______________________
(Ата-анасы)
«КЕЛІСЕМІН» « » « » 2019-2020 оқу жылы
Оқушы :_______________ ______________________________
(қолы) ( аты-жөні)
Оқушының ата-анасы:_______________ ______________________________
(қолы) (ата-ананың аты-жөні)
Сынып жетекшісі: ___________________ ......................................................................
(қолы) (аты-жөні)
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены