← Назад к новостям
"Әке-отбасының тірегі"

"Әке-отбасының тірегі"

b075skobilim
30.10.2019 в 09:42
501 просм.
Нет комментариев

2019 жылғы 30 қазан күні "Парасат" мектеп – лицейінде Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Алма Амангельдіқызы Нұрғалиеваның қатысуымен "Әке-отбасының тірегі" атты әкелер кеңесінің аудандық отырысы өтті. Әкелер кеңесі отырысының жұмысына 30 - дан астам мектеп әкелері Кеңесінің өкілдері және құрметті қонақтар қатысты: Бодықов Еркебұлан Жалғасұлы - "Әкелер Одағы" ҚБ төрағасының орынбасары, Чепурко Сергей Дмитриевич - "Молсервис" ЖШС директоры, Есенеев Олжас Бримжанұлы - Қызылжар АОА бас дәрігерінің орынбасары, Дәуренбеков Гомар Багитович-АІІБ бастығының орынбасары.
Қазіргі кездегі қоғамдағы ата-ана, отбасы және тақырыпқа сай әкелердің тәрбиедегі орны туралы сұрақтар қаралды. Баяндамашылардың көтерген сұрақтары өзекті болды. Әсіресе "Парасат" мектеп-лицейі әкелер кенесінің төрағасы Маденов Халел Тілегенұлының баяндамасы әсерлі болды.
Соңында аудан мектептерінің мектеп өмірлеріне белсенді қатысқан әкелері білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Алдағы жұмыстарға ұсыныстар шығарылды.







Автор: b075skobilim · 30.10.2019
501
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT