Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК 2019 жылдың 31 қазан күні «Сапалы кәсіптік білім - өмір талабы» атты ашық есік күні өтті.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК 2019 жылдың 31 қазан күні «Сапалы кәсіптік білім - өмір талабы» атты ашық есік күні өтті.
Іс-шара аясында колледж оқытушылары мамандардың сапалы дайындығын қамтамасыз ету үшін инновациялық технологияларды қолдана отырып, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ашық сабақтар өткізді.
Заманауи талаптарға сай өткізілген, атап айтқанда: Усманова Г.К. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы», Узбайрова А.Т. «Экскурсия объектілерін таңдау және зерттеу», Мурзатаев Е.Ж. «Асық ойынының түрлері», Саурыков М.С. «Крол әдісімен жүзу және шалқалай жүзуді жетілдіру», Тәукебаева Б.Б. «Азық-түліктен болатын инфекция аурулары» тақырыптарындағы сабақтары тәжірибе алмасу мақсатында келген қалалық ТжКББ ұйымдарының оқытушыларының көңілінен шығып, ризашылықтарын білдірді.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены