Меню KDT
№84 мектеп-лицейінде 11-қазан Халықаралық қыздар күніне орай мерекелік сайыс ұйымдастырылды


Астана қаласы №84 мектеп-лицейінде 11-қазан Халықаралық қыздар күніне орай 4-сынып оқушылары арасында мерекелік сайыс ұйымдастырылды. «Ханшайымға жарасар әсем қылық» деп аталған сайыс қыз баланың бойына тән өнер мен әсемдікті ашып көрсете отырып, олардың білім алуы мен еркін дамуына мектеп те, ата-ана да қолдау көрсететіндігін, біздің қоғамымыздың қыз баланы ерекше қастерлейтіндігін тағы бір мәрте айшықтай көрсетті. Әр қатысушы өзінің ерекше қырларын, өнері мен білімін көрсетіп 5 кезеңнен тұратын сайыста көсіле өнер көрсете білді. Сайыста барлық қыздарға өз икемділігіне сай номинациялар мен мадақтамалар беріліп, бәрі бірдей марапатталды.


Комментариев нет
239 просмотров
Автор: 84mektep
Добавлено: 31.10.2019 в 17:47

Возможно вас заинтересует...!