Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отбасындағы тәрбиесі, тілі
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отбасындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер - азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу - ата - ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі - өнеге жиынтығының жемісі.
2019 жылғы 25 қазан күні Нұр-сұлтан қаласы № 74 мектеп-гимназияда «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағаты өтті. 1 – 11 сыныптар оқушылары арасында ойнату, әңгімелесі, тілдесу, интерактивті формалар, пікірталас арқылы сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында бала тәрбиесі туралы, оның жан – жақты дамуы бағытында өз ойларын ортаға салынды.
Яғни қорыта келгенде, ұлттық санасы жаңғырып, рухани жаңғыру жолында тарихын түгендеп, атына қайта мінген қазақтың кеудесін ешкім баса алмайтыны көрсетіледі. Осындай игі бастамаға ат салысу-әрқайсымызға қастерлі міндет. Ел үмітін ақтау, ел болашағы - бүгінгі жас ұрпақта!
Бұл бірыңғай тәрбие сағатынан алар үлгі-өнеге, ұлттық сезімді жігерлендіретін күш-қуат береріне сеніміміз мол.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены