«Біздің қаланың көшелері»


24 қазан күні Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Біздің қаланың көшелері» атты қалалық жобаның ашылуы болды. Ашылу салтанатында №14 мектеп-гимназия, №16 орта мектебі және №27 мектеп-лицейі қатысты. Іс-шараға « Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Нурпеисов Үкібай Абдуманапұлы және №16 орта мектеп директоры Айтмухаметова Балжан Кайыртайқызы қатысты. Оқушылар музыкалық нөмірлермен сүйемелденген өз жобаларын таныстырды.
« Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры өз сөзінде мектептерді алдағы уақытта бірігіп жұмыс істеп, ұмыт болып бара жатқан есімдерді жаңғыртуға ат салысуға және әр оқушы, ата-аналарға осы жобаға қатысып, қала тарихында өз қолтаңбасын қалдыруға шақырды.Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены