Меню KDT
Мусапирова Ш. Отбасы жылуы (Дөңгелек үстел)

Бастауыш сынып жетекшісі Мусапирова Ш. отбасы құндылықтарын дәріптеу, бала тәрбиесіндегі ата-ананың көзқарасын кеңейту, ұстаз - оқушы - ата-ана өзара қарым-қатынастарын жақсарту және отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерді нығайтумақсатында "Отбасы жылуы" атты дөңгелек үстел өткізді.


Тренинг сабақтың тақырыбы

Отбасы жылуы (Дөңгелек үстел)


Мақсаты:

 Отбасы құндылықтарын дәріптеу; бала тәрбиесіндегі ата-ананың көзқарасын кеңейту; ұстаз - оқушы - ата-ана өзара қарым-қатынастарын жақсарту; отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерді нығайту.

Әдістері: 

дөңгелек үстел, пікір алмасу, сұрақ-жауап, психологиялық жаттығулар.

Қажетті құрал-жабдықтар: 

Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, маркерлер және т.б.

Көрнекілігі: 

Отбасы туралы мақалдар, нақыл сөздер

1. Кіріспе сөз

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде Қоғам бірлестігінің 8-9 сынып оқушылардың қатысуымен өткелі отырған «Отбасы жылуы» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбек сүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.Баланы баптап бақпасаң.Жамандықтан қақпасаңҚадірден жұрдай қасқа боп.Кешкенің өмір босқа тек - дегендей баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата ана жоқ шығар.

2. Ой қозғау

- Оқушыларға арналған сұрақ Отбасы жылуы дегеніміз не?- Ұстаздарға арналған сұрақБаламен қарым қатынаста ата ананың қызметі сізді қызықтыра ма?- Оқушыларға арналған сұрақБілім алуда саған жауапты кім деп ойлайсың?

3. Сөйлемді жалғастыру 

Бүгінгі сіздерді «Отбасы жылуы» деп аталатын тақырып төңірегінде ойымызды топтастырып, әрі қарай жалғастырайық /оқушыларға мына ойларды жалғастыру беріледі/Отбасы бақытты ол....Келешектегі отбасымның бақыты үшін мен....Бақыт дегеніміз не....?Борыш дегеніміз не...?

4. Бүгінгі менің ойым

. «Бүгінгі менің ойым» деп аталады. Оқушыларға мынандай сұрақтар беріледі.Ой мама, қойыңызшы осы, сіз оны түсінбейсіз?Мұны дұрыс істеген жоқсың, сол үшін анаң ұрсып жатыр. Ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме, дұрыс істемегені үшін сен кінәлісің бе?

5. «Жанұя» ойыны (тренинг)

1 Ата-анаңыздың туған күні?2 Сынып жетекшінің толық аты жөні?3 Балаңыздың парталас көршісі кім?4 Анаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?5Әкеңнің сүйікті асы қандай?6Алдыңа қойған мақсатың?7Кімді үлгі тұтасың?8 Бірінші сыныпқа қай жылы бардың?9 Әкең спорттың қандай түрін жақсы көреді?10 Ата-анаң еркелетіп қандай сөздер айтады?11 Анаңыз ашуланғанда ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?12Ата-анаңыздың ең жақын досы кім?

6 жаттығу: Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»

Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілетін уақыт 7-10 минут.

7. Рефлексия :

 «Тілек шамы» (тренинг)

8. Қорытынды

Баланың алғашқы адами құныдлықтары, әрине, отбасында қалыптасады. Алайда, ешбір ата-ана өз баласының жаман болғанын қаламайтыны даусызОтбасының рухани тірегі – ата-ана. Адамның өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала –дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі. Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. Бала отбасында жақсы үлгі-өнегемен, саналы тәлім-тәрбиемен жастайынан сусындаса, ер жеткенде сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлеп, абыройларыңызды асқақтатары хақ.

Теги:  дөңгелек стөл

Комментариев нет
368 просмотров
Автор: b0515skobilim
Добавлено: 28.10.2019 в 12:42

Возможно вас заинтересует...!