Нұр-Сұлтан қаласы №38 мектеп-лицейінде 25 қазан күні «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Нұр-Сұлтан қаласы №38 мектеп-лицейінде 25 қазан күні «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатына Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы – Нупиров Жанібек Мақсұтұлы және Қорғаншылық және қамқоршылық органының бас маманы Турабекова Лаура Гаухарбековна қатысты.
Сынып сағаты мектебіміздің І ауысымындағы 42 сыныбында өткізілді. Сынып сағатына әр сынып көп балалы, өнегелі отбасыларды, ата-аналарды, әже-аталарды қонақ ретінде шақырып, ақыл-кеңестерін тыңдап, баталарын алды. Оқушылар өз кезегінде сұрақтар қойып, өз өнерлерін көрсетті.
Сынып сағаты бірнеше форматта өтті:тілдесу сағаттары, пікірталас, ойын сабағы, ауызша журнал, әңгімелесу, интерактивті формалар, отбасылық құндылықтар, салт – дәстүрлер, мерекелер туралы фильмдер мен бейнематериалдар көрсету, отбасылық фотосуреттер көрмесі, әңгіме-презентациялар, т.б.
1-сынып оқушылары арасында өткен «Әкем, шешем және мен» толағай спорттық сайысына 6 отбасы қатысып, жүлделі орындар иеленді.
Акт залында мектеп психологтары жүргізген бастауыш сынып ата-аналарына арналған «Бақытты отбасы – бақытты балалар» тақырыбындағы тренингте ата-аналарға бала тәрбиесі жөнінде құнды мәліметтер берілді.
Сынып сағатының соңында ата-аналар, қонақтар мен оқушылар арасында кері байланыс жүргізіліп, өз ризашылықтарын білдірді.
Назарларыңызға рахмет!
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены