Меню KDT
"Абай- дара, Абай – дана қазақта" әдеби кеші


"Абай- дара, Абай – дана қазақта"
әдеби  кеші

       Нұр-Сұлтан қаласының №15 мектеп – лицейінде «Абай- дара, Абай – дана қазақта»  атты  әдеби кеш өтті. Кеш қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына  арналды. 

    Кештің    мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, шәкірттерді адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілігі:  Абай портреті,  кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер, фотослайдтар.

     Кешті қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Аманкүл Хамзеқызы өткізді.Мұғалім кештің қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына  арналатынын атап өтті, кештің мақсатымен таныстырды, қысқаша өмірбаянына тоқталды.

Кеште Абай туралы дәйексөздер оқылды.

                                                                                   

 Гульнара:Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев . Онан асқан  бұрынғы –соңғы заманда  қазақ баласында  біз білетін ақын болған жоқ.

                                                                                               Ахмет Байтұрсынұлы

 Дильназ: Абай лебі , Абай үні , Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге  қосылып , жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.

                                                                                                        Мұхтар Әуезов

 Малика:Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.

                                                                                                     Ғабит Мүсірепов

 Алуа: Орыстар үшін-Пушкин, ағылшындар үшін –шекспир, грузиндер үшін -Руставели.... қандай  ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай  теңдессіз құбылыс.

                                                                                                      Қайсын Кулиев

Виолетта:Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді.... Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғалардың далалық  бауырласы екенін таныттты.

Шыңғыс Айтматов

Мадина: Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлтттық ұранымыз болуы тиіс.

                                                                                            Нұрсұлтан Назарбаев

Оқушылар Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін нақышына келтіріп орындап, көрермендердің ықыласына бөленді.

 Гайдаев Максим Абайдың 24 қара сөзіне тоқталды,ал Алина Абайдың қара сөзін ағылшын тілінде оқыды.

 Оқушылар Абайдың «Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы», «Жаз», «Қыс» «Жазғытұрым», «Осень», «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», «Жүректе қайрат болмаса» өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.


Сонымен қатар, оқушылар Абай шығармашылығына  байланысты қойған мұғалімнің сұрақтарына нақты, толық жауап берді.

1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?                           ( Көкбай ).

  1. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта  жазған).
  2. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).

4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)

6.Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).

7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)

  1. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
  2. «Қазақтың бас ақыны  -Абай Құнанбаев» деп атаған кім? ( Ахмет  Байтұрсынов).

10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман.)

11.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).

  1. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
  2. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші-Х. Наурызбай.)

14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)

  1. Шәкәрімнің Абайға қандай  туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)

Алмагүл Хамзеқызы өзінің қорытынды сөзін келесі өлең жолдарынан бастады:        Көп адам дүниеге бой алдырған,

                        Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

                        Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,

                        Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.

«Абаймен сырласуға, Абай әлеміне саяхат жасауға әркімнің де қақысы бар. Абайдың өзі "болмасаң да ұқсап бақ" деген.Абайдың мың қырлы, мың тәлімі бар.Бүгінгі кешіміздің  барысында сол мың қырлы мың тәлімнің теңіздегі тамшыдайын ғана өзімізше түсініп, әңгіме еттік деп ойлаймын.Осымен кешіміз аяқталды,Абайдың өн бойы толы рухани байлығын бойларыңа сіңіріп, білімдеріңді толықтырдыңдар деп ойлаймын»- деп кешті аяқтады. Оқушыларға, қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне  алғысын білдірді. Кеш жоғары деңгейде өтті. Оқушылар белсенділік танытып,Абай аталары туралы білімдерін  ортаға салды.  

 


Комментариев нет
376 просмотров
Автор: 15mektep
Добавлено: 19.09.2019 в 12:12

Возможно вас заинтересует...!