"Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы" республикалық науқаны аясында 6-сыныпта "Отбасы - кішкентай ел" тақырыбында сынып сағаты болып өтті. Ардагер ұстаз Қалиева Маржангүл Құрманбайқызының қатысуымен өткізілген сынып сағатының мақсаты - білім алушылардың отбасылық құндылықтар туралы ұғымдарын кеңейту, үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізеттілік танытуға баулу, мектеп пен отбасы арасындағы байланыстың мықты екендігін түсіндіру.Іс-шара барысында Маржангүл Құрманбайқызы өзінің отбасылық өмірден түйген ақыл-кеңестерімен бөлісті, балалар да өз отбасылары және мектептегі білім мен тәрбие туралы ойларын ортаға салды.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены