Меню KDT
Тулендина Ж.А. "Бақытты АНА" аналармен кездеу

Тулендина Ж.А. "Бақытты АНА" аналармен кездеу өтті. Құрметті,ата-аналар! Әрине бала тәрбиесі оңай шаруа емес, бала тәрбиесіне мектеп-ата-ана-мұғалім бірігуіміз керек. Сонда ғана білімді, парасатты, тәрбиелі оқушы тәрбиелеп шығамыз. Бала тәрбиесіне шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуларыңызды бере біліңіздер. Сіздердің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін!


«Тәрбие басы-тал бесік» немесе «ұяда не көрсең –ұшқанда соны ілесің» деп халық даналығында айтылғандай, бала тәрбиесі ең алдымен өз отбасы-ошақ қасында ата-ана тәрбиесінен басталатыны баршамызға белгілі. бүгінгі кездесуімізде "Бақытты АНА" атты тқырыппен сіздермен аналар отырыс жасаудамыз. Сондықтанда дүниеге келген жас ұрпақтың дамуына ата-анасының тәрбиелік орны ерекше. Балалардың қоғамдық өмірге аяқ басқанда қабілетті, өнегелі, саналы адам болып өсіп жетілуі-қоғам үшін маңызы өте зор. Балалардың өз бойында ата-анасының бар болмысын көрсетсе, ата-аналары да өз өмірінің жалғасын балаларынан көріп, шаттыққа бөленеді. Балаларды жас кезінен бастап тазалыққа, жинақылыққа, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке және оның қадір –қасиетін түсінуге, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу және үлкенді сыйлауға, қарияларды құрметтеуге,мейірімділікке, өзінен кішілерге қамқор болуға үйрету ежелден келе жатқан тәрбие құндылықтары.
Өмірде көріп жүргеніміздей кейбір ата-аналар өз балаларын шектен тыс еркелетіп, көңіліне қарап тәрбиелейді, ал кейбір отбасыларында айтып отырған тәрбие  өнегелеріне немқұрайлық танытып жатады. Бала өсіп ер жеткен соң оғаш қылығын көргенде ғана өткен күнге өкініш білдіріп жатамыз. Сондықтанда баланың дұрыс қалыптасуы үшін мына жайттарды ескергеніміз жөн.
• Оқушының  өз тәрбиеленушісімен бірге тәрбиеге қатысуы;
• Ересектердің баланың барлық құқықтарын мойындауы;
• Балаға тұлға ретінде  қарап, оның шығармашылық қабілетін дамыту;
• Бала тұлғасының қасиеттерін, өзін-өзі дамытуын, өзін-өзі реттеуін, өзіндік сынын дамыту қағидаларын айқындау қажеттілігі туындайды.
Бүгінгі таңда мектептің басты мақсаты – әр оқушыны мәдениетті, жоғары адамгершілікті, шығармашыл, әлеуметтік өмірге бейімделген тұлға етіп тәрбиелеу.
Еліміздің ертеңгі болашағы –бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей тәуелді.Өскелең ұрпақтың жан дүниесін білім нәрімен сусындатып, халқының ерте заманнан жинақтаған  асыл мұрасыман байытып, ұлттық дәстүрдің озық үлгілерін санасына сіңіріп, Абайша сөйлесек, «көкірек көзін оята тәрбиелеу» ата-анадан бастап, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып ат салысатын жауапты міндеттердің ең бастысы.
 Құрметті,ата-аналар! Әрине бала тәрбиесі оңай шаруа емес, бала тәрбиесіне мектеп-ата-ана-мұғалім бірігуіміз керек. Сонда ғана білімді, парасатты, тәрбиелі оқушы тәрбиелеп шығамыз. Бала тәрбиесіне шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуларыңызды бере біліңіздер. Сіздердің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін!
 
 

Теги:  от, асы

Комментариев нет
288 просмотров
Автор: b0515skobilim
Добавлено: 25.10.2019 в 11:10

Возможно вас заинтересует...!