5 сынып арасында сынып жетекшісі Сейтзадинова Н.Ш. жетектеуімен "Менің шежірем" атты сынып сағаты өтті. «Тәрбие басы-тал бесік» немесе «ұяда не көрсең –ұшқанда соны ілесің» деп халық даналығында айтылғандай, бала тәрбиесі ең алдымен өз отбасы-ошақ қасында ата-ана тәрбиесінен басталатыны баршамызға белгілі. Сондықтанда дүниеге келген жас ұрпақтың дамуына ата-анасының тәрбиелік орны ерекше. Балалардың қоғамдық өмірге аяқ басқанда қабілетті, өнегелі, саналы адам болып өсіп жетілуі-қоғам үшін маңызы өте зор.
Балалардың өз бойында ата-анасының бар болмысын көрсетсе, ата-аналары да өз өмірінің жалғасын балаларынан көріп, шаттыққа бөленеді. Балаларды жас кезінен бастап тазалыққа, жинақылыққа, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке және оның қадір –қасиетін түсінуге, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу және үлкенді сыйлауға, қарияларды құрметтеуге,мейірімділікке, өзінен кішілерге қамқор болуға үйрету ежелден келе жатқан тәрбие құндылықтары.
5 сынып арасында сынып жетекшісі Сейтзадинова Н.Ш. жетектеуімен "Менің шежірем" атты сынып сағаты өтті. «Тәрбие басы-тал бесік» немесе «ұяда не көрсең –ұшқанда соны ілесің» деп халық даналығында айтылғандай, бала тәрбиесі ең алдымен өз отбасы-ошақ қасында ата-ана тәрбиесінен басталатыны баршамызға белгілі. Сондықтанда дүниеге келген жас ұрпақтың дамуына ата-анасының тәрбиелік орны ерекше. Балалардың қоғамдық өмірге аяқ басқанда қабілетті, өнегелі, саналы адам болып өсіп жетілуі-қоғам үшін маңызы өте зор. Бүгінгі таңда мектептің басты мақсаты – әр оқушыны мәдениетті, жоғары адамгершілікті, шығармашыл, әлеуметтік өмірге бейімделген тұлға етіп тәрбиелеу.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2025. Все права защищены