Тақырыбы:«Отбасы тәрбие басы мектеп-тәрбие жаршысы»
Мақсаты: Отбасы тәрбиесінің мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасы.
Күн тәртібінде:
«Отбасы –тәрбие басы, мектеп тәрбие жаршысы» атты ата-аналар жиналысының ашылуы. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А. Исаханова
«Бақытты отбасы» бейне сабақ Психолог.Нұрхожаева Г.Б.
«Kundelik.kz» және 1 тоқсан қорытындысы.
Директордың оқу-Ісі жөніндегі орынбасары Г.Е.Сергазина
Бүгін 25.10.19ж күні сағат 12.00-13.00 аралығында жалпымектептік ата-аналар жиналысы болды. Жиналыс күн тәртібі бойынша жүргізілді. Бастауыш қазақ сыныптарында «Толағай» спорттық ойындары өткізілді. «Бас жүлде» «Алау тобы» 1 «Д» сынып, жетекшісі Теңізбаева Б.Г. алды, 1 орын «Жалын тобы»-1 «Б», 1 «Г»- «Қыран тобы» 2 орын алды. Ары қарай қалған сыныптар алғыс хаттармен марапатталып, осы іс-шара ата-аналардың, оқушылардың көңілінен шықты.
Орыс бастауыш сыныптары бойынша да керемет іс –шаралар өткізілді.Соның бірі 2 «З» сынып жетекшісі Свинаренко А.П. «Я горжусь своей семьёй» атты отбасынын Голдобова Валерия осы өткізілген іс-шара бойынша бейнеролик жасады.
Жогары сынып ата-аналары Балаларының тоқсандық қорытындысымен пән мұғалімдеріне жеке-жеке жолығып, толық мәліметтер алды.