Мектеп жанындағы шағын орталықтың тәрбиешілері "Алтын ұям- ЖАНҰЯМ" атты балалармен сурет арқылы отбасының мүшелерін бейнеледі.
Мектеп жанындағы шағын орталықтың тәрбиешілері "Алтын ұям- ЖАНҰЯМ" атты балалармен сурет арқылы отбасының мүшелерін бейнеледі.
Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу-қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Дана халқымызда мынадай нақыл сөз бар, «Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлындай қина, он үштен әрі сырласыңдай сыйла» деген екен.
Елбасымыз «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Бізге балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы –балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз» деп атап көрсетілген.Отбасылық тәрбие – ұлттық тәрбиенің негізі, ал ұлттық тәрбие алған ұлпақ еңбекқор, дені сау, білімді, ақылды, иманжүзді, адамгершілігі мол, сұлуда сымбатты, ұлтжанды азамат болып өседі. Шағын орталықтың тәрбиешілері "Алтын ұям- ЖАНҰЯМ" атты балалармен сурет арқылы отбасының мүшелерін бейнелетіп, қойған мақсаттарына жете білді.
Автор: b0515skobilim
Добавлено: 25.10.2019 в 10:27