Меню KDT
«Отбасы-тәрбие басы, мектеп- тәрбие жаршысы» Сынып сағаты


«Отбасы-тәрбие  басы, мектеп-  тәрбие  жаршысы» 
Сынып сағаты  

   25 қазан күні №15 мектеп-лицейінде 1-11 сынып оқушыларымен және ата-аналардың қатысуымен «Отбасы-тәрбие басы, мектеп-  тәрбие  жаршысы»  атты сынып ашық сағаттары өткізілді.

 Сынып сағатының мақсаты: отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасы.

     Сынып сағатта оқушылар халқымыздың осындай тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары туралы айтып өтті. Тіпті біздің рухани құндылықтарымыздың негізі де осы отбасылық дәстүрімізде жатыр десек қателеспеген болар едік деген пікірлерде айтылды.

     Сонымен бірге сынып сағаттарында өркениетті елдерде денсаулық, салауатты өмір салты және отбасын жоспарлау мәселелеріне үлкен назар аударылды. Оқушылар медицина туралы өз білген білімдерін де ортаға салды.

Өйткені, отбасы денсаулығы – бұл мемлекеттің денсаулығы. Ана мен бала саулығын қорғау – халық денсаулығын қорғаудың өзекті мәселелерінің бірі. Бала – біздің болашағымыз.

Мектебімізде ата-аналардың қатысуымен «Анам, әкем және мен, спорттық жанұям» атты спорттық сайыс өткізілді. Сайысқа 6 командадан құралған ата-аналармен оқушылар белсене қатысты. Сайыс өте қызықты өтті.

 Сонымен қатар, мектебіміздің «Психология қызметі» ата-аналармен психологиялық «Бақытты отбасы формуласы» тренинг өткізді. Тренингке ата-аналар белсене қатысты.

        Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғы шарттарын айқындап берді. Демек көне дәуірлерден бастау алатын, өзінің тарихи тәжірибесінен, игі салт, ізгі дәстүрлерінен мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру немесе жаңару мүмкін емес.

      Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағи­­дат қай дәуірде болсын өзгер­ген емес, өзгермек те емес. Елбасы «От­басы – Қазақстан қоғамы­ның дің­гегі, экономикадағы, мәдениет­тегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәсе­ленің біздің қоғам үшін маңы­зын көрсетіп берді. 

       Сынып сағаттарына қатысқан ата-аналар өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

     «Жұмыла көтерген жүк жеңіл » дегендей Болашақ ұрпағымыздың тәрбиесі мен білімін қалыптастыратын мына біз бен сіз – отбасы, мектеп, қоғам. Сондықтан мектеп пен отбасы тығыз байланыс болса, болашағымыздың жарқын болатынына кәміл сенеміз.



Комментариев нет
352 просмотров
Автор: 15mektep
Добавлено: 25.10.2019 в 21:53

Возможно вас заинтересует...!