Меню KDT
«ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БАСЫ, МЕКТЕП-ТӘРБИЕ ЖАРШЫСЫ»

Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «Отбасы ошағының жылуы» тақырыбында ток-шоу форматында сынып сағаты өткізілді.  Бағдарламаға 8-сынып оқушылары мен ата-аналары қатысып, сынып жетекшілері  Ахметова Ғайния Сандыбайқызы мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Балкия Жуматаевна жүргізді. Өзгеше форматтағы сынып сағатына қонақ ретінде «EN BAQYTTY EL» қоғамдық қоры, «Отбасы бақыты академиясы» жобасының үйлестірушісі Әсел Болатқызы Мұратова мен мектепішілік «Әкелер одағының» мүшесі Габдулкапар Мұқанұлы Сыздықов қатысты. Ата-аналар мен ұстаздарға да ортақ мақсат – бала тәрбиесі жөнінде сөз қозғалды. Бала тәрбиесінде мектептегі тәрбие мен отбасындағы тәрбиенің қайсысы маңызды? Бала тәрбиесі баршамызға ортақ, алайда, осы міндет ата-ана мен мұғалім тарапынан қалай атқарылуда? Заманауи өмірдегі отбасының рөлінің төмендеу себебі неде? Отбасы құндылықтарының төмендеуін немен түсіндіреміз?  Көкейдегі осындай сұрақтарды талқылау барысында құрметті қонақтарымыз да, ата-аналар да, оқушылар да өзіндік пікірлерін шынайылықпен ортаға салды. Кейбір мәселелер талқыланды. Кейбір сұрақтардың жауабы берілді. Сынып сағатының мазмұны тереңнен тарқатылып, бала мен ата-ана арасында сүйіспеншілік сезімнің қадір-қасиеті бағаланды.
Кім жамандық тілейді баласына?
Жақсылықтың дәнін ек санасына.
Иманы бар, ибалы қыздар ғана,
Ертең ұлттың айналса анасына....
әрине мұның бәрі айтуға ғана оңай. Дегенмен, қымбатты ата-аналар, балаларымызды «Отбасы жылуынан» құр-алақан қалдырмайық! – деген ойлармен аяқталып, сабаққа қатысушылар бала тәрбиесінің аса маңызды екендігі туралы ой түйді.

Комментариев нет
270 просмотров
Автор: 37mektep
Добавлено: 25.10.2019 в 21:33

Возможно вас заинтересует...!