← Назад к новостям
5 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ "ЖАС ҰЛАН" ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

5 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ "ЖАС ҰЛАН" ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

40mektep
18.10.2019 в 21:19
604 просм.
Нет комментариев

Бүгін 2019 жылдың 25 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде дәстүрлі бүкілмектептік «Жас Ұлан»


Бүгін 2019 жылдың 25 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде дәстүрлі бүкілмектептік «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының қабылдауына арналған салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиында 5 «А» сыныбы – Сәкен Сейфуллин атындағы топ, 5 «Ә» сыныбы – Фариза Оңғарсынова атындағы топ, 5 «Б» сыныбы – Әбіш Кекілбайұлы атындағы топ, 5 «В» сыныбы - Жүсіпбек Аймаутов атындағы топ, 5 «Г» сыныбы – Қаныш Сәтбаев атындағы топ, 5 «Д» сыныбы – Абай Құнанбайұлы атындағы топ, 5 "Е" сыныбы - Мұхтар Әуезов атындағы топ, 5 "Ж" сыныбы - Әлкей Марғұлан атындағы топ, 5 "З" сыныбы - Әлия Молдағұлова атындағы топ оқушылары өз дайындықтары туралы мәлімет беріп, ант қабылдады. Салтанатты жиында галстук тағу мәртебесі мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлына, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Тлеулесова Жұмагүл Балташқызына, директордың ақпараттық технологиялар орынбасары Ақерке Қалдыбекқызына, мектебіміздің мұражай жетекшісі Сәуле Жұмабекқызына және «Жасұлан» оқушылар ұйымы11 сынып оқушыларына берілді. Құттықтап сөз алған мектеп директоры оқушыларға көк туымызбен түстес галстуктерін қадірлеп ұстауға, үлгілі оқушы болып мектеп абыройын асқақтатар азамат болуға шақырып жылы лебізін білдірді. Жиын Әлкей Марғұлан маршылымен аяқталды.
 
 
   
   

 

Автор: 40mektep · 18.10.2019
604
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT