Меню KDT
«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты салтанатты жиын өтті


«Тауағаш орта мектебі» КММ
2019-2020 оқу жылы

 

2019 жылы «Тауағаш орта мектебі» КММ-де алғашқы қоңырау  мерекесіне арналған «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты салтанатты жиын өтті. Жиын барысында өңіріміздің әкімі Жиентаев Амангелді Сүлейменұлы құттықтау сөз сөйлеп, мектеп табалдырығын алғаш аттаған
1-сынып оқушыларына оқу-құралдарын сыйға тартты.  Сондай-ақ, мектеп директоры Сиванбаев Мұрат Серғалиұлына облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыстады. Мектеп директоры өз кезегінде барша жиналған қауымды Білім күнімен құттықтап, атаулы мұғалімдерді Алғыс хат және Грамоталармен марапаттады. Келесі кезекте оқу ісінің меңгерушісі Нұран Айбарша Біржанқызы құттықтау сөз сөйлеп, оқушылар мен ата-аналарды оқу жүктемесімен және сынып жетекшілер құрамымен таныстырды. Мереке барысы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Оқушылар ән айтып, би биледі. 1-сынып бүлдіршіндері өздерінің дайындаған тақпақтарын айтып, мұғалімдерге шоқ гүлдерін сыйға тартты. Салтанатты жиын «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты алғашқы сабағына ұласты.






 


Комментариев нет
177 просмотров
Автор: b0514skobilim
Добавлено: 01.09.2019 в 11:57

Возможно вас заинтересует...!