11 – қазан күні өткен «Сыбдыры сұлу Алтын күз» мерекесіне барлық бастауыш сыныптар және 5 сынып оқушылары қатысты.
Бұл мерекені өткізудегі мақсат: оқушыларға жылдың ең әсем мезгілі – күз айының өзіндік ерекшелігі және осы кездегі адамдардың еңбегін тағы бір рет естеріне салу; сонымен қатар, өзара татулық, сыйластық, еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттерді бойларына сіңіру болатын.
Ертеңгілігіміз «Күзгі вальс» биімен ашылды. Мерекенің жақсы, жоғары деңгейде өтуіне барлық оқушылар атсалысты. Атап айтқанда 1-сынып оқушылары күз туралы тақпақтарын айтса,
2-сыныптың әнші қызы Қарлығаш «Күзгі вальс» әнін нақышына келтіре орындап беріп көрермендердің жылы ықыласына бөленді.
3-4 сынып қыздары «Қолшатыр» биін билеп, келген қонақтар мен ата-аналардың, ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеріп тастады .
Мерекеде сонымен қатар 5-сыныптың оқушылары көгөніс,жеміс-жидектерге байланысты ойындар ойнатты. 5-сынып оқушылары күзгі флешмоб биін көрерменге ұсынды.
Кеш соңында мектебіміздің директоры Мұрат Серғалиұлы өзінің жылы лебізін білдіріп, ертеңгілікке қатысқан оқушыларға алғыс айтты . Оқушылар да, ұстаздар да жақсы көтеріңкі көңіл-күйде тарқады.
Бастауыш сынып мұғалімі: Молдыбаева А.Ж.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2024. Все права защищены