Меню KDT
«Тіл – достықтың діңгегі» атты ХХІ Тілдер фестивалі өтті


«Тауағаш орта мектебі» КММ
2019-2020 оқу жылы

 

2019 жылдың 05.09.-13.09. күндері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кубетаева Айымгуль Муратовна, орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні мұғалімі Садуп Сания Бериковна, ағылшын тілі пәні мұғалімі Сабитова Акеркем Жанабаевнаның ұйымдастыруларымен «Тіл – достықтың діңгегі» атты ХХІ Тілдер фестивалі өтті. Фестивальдің ашылуы «Тіл – ұлттың жаны» тақырыпта, слайд түрінде өткізілді. Слайдта үштілділіктің маңызы, тіл білудің артықшылықтары, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің генеологиялық классификациясы жайында айтылды. Оқушылар фестиваль жоспарымен, өткізілу түрлерімен таныстырылды.

06.09. 2019 жыл. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садуп Сания Бериковна 6-7-сыныптар аралығында «Занимательная грамматика» атты викторина өткізді. Викторина барысында қызықты әрі танымдық сұрақтар қойылып, оқушылар өзара жарысқа түсті. Жарыс қорытындысы бойынша
7-сынып жеңіске жетті.

09.09. 2019 жыл. 9-11-сынып оқушылары арасында «Знание языков – ваше будущее» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Копеева Алма Ералымовнаның басшылығымен конференция өтті. Оқушылар өздерінінің үштілділік, көп тілді білу жайында өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, тіл білудің маңыздылығы мен қажеттілігі туралы айтылды.

10.09. 2019 жыл. 1-4-сынып оқушылар арасында «The world of pictures» сөзжұмбақ жарысы өтті. Жарысты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кубетаева Айымгуль Муратовна мен ағылшын пәні мұғалімі Сабитова Акеркем Жанабаевна ұйымдастырды. Оқушылар аралас екі топқа бөлініп, өзара бәсекелесті. 1-топ – «Алғырлар», 2-топ – «Білгірлер». Жарыс үш кезеңнен тұрды: «Сәйкестендір», «Сиқырлы бояулар», «Ойлан, тап». Жеңіске «Білгірлер» тобы жетіп, Грамотамен марапатталды.

11.09.2019 жыл. 8-9-сыныптар арасында  «Great Britain» атты сұрақ-жауап сайысы өткізілді. Жауапты мұғалім: ағылшын пәнінің мұғалімі Балгожина Сандугаш Боранбаевна. Оқушылар «Толағай», «Бәйтерек» деген екі топқа бөлініп, сайысты. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Жүлде «Бәйтерек» тобының еншісіне тиді.

12.09. 2019 жыл. «Лингвистика қызықтары» атты сайыс 5-7-сыныптар аралығында пән мұғалімдерінің ұйымдастыруларымен өтті. Әр сынып өз құрамы үшін сайысты. Оқушылар бір конвертте жасырылған тапсырмаларды орындап, келесі конверттің жасырылған жерін тауып, қазына іздеу жолында кабинеттерді аралады. Жеңіске қазынаны бірінші болып тапқан 6-сынып оқушылары жетті. Қатысушыларға тәттілер үлестірілді. Сайыс оқушылар тарапынан қызығушылық туғызды.

13.09. 2019 жыл. 9-11-сынып оқушылары арасында «Үш тілді білу – жаһанданған әлемге жолдама» атты қорытынды кеш өткізілді. Қорытынды кеш сайыс түрінде өткізілді. Сайыс 4-кезеңнен тұрды: «Әріптер сөйлейді» (ағылшынша), «Асық ату» (қазақша), «» (орысша).

Сайыс соңында пән мұғалімдері оқушыларды марапаттап, фестивалді өздерінің насихат сөздерімен аяқтады. Жалпы алғанда, Тілдер фестивалі өз деңгейінде өтті.

 



 

 

 

 


Комментариев нет
115 просмотров
Автор: b0514skobilim
Добавлено: 13.09.2019 в 10:20

Возможно вас заинтересует...!