«Алтын күз » сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын анықтау
Тақырыбы: « Алтын күз »
Смирнов №3 орта мектебінде 17 қазан күні сағат 12:30 – да күзгі бал кеші өтті. Кеш 2 кезеңнен тұрды. 1 мен 4 сынып арасында жарыс түрінде болды.
Мақсаты:Оқушыларға күзгі табиғаттағы ерекшеліктер туралы түсінік беру. Оқушылардың күзгі байлықтары: астық, көкөніс, жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңету.
«Алтын күз » сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау.
Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу, жапырақтар, жеміс - жидектер, көкөністер т. б.
1-жүргізуші:
Армысыздар, мейірімді ата - аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі
2-жүргізуші
Біздерде ойын сауық басталды,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметпен қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі күз ханшайымын анықтап алу.
1-жүргізуші
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуымен тән сұлуын тепе-тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратамыз,-дей отырып қатысушыларды шақырамыз!
1 «а» сынып- Абибұлла Айгерім
1 «ә» сынып-Байтенова Айғаным
2 сынып- Данебаева Інжу
3 сынып- Сансызбаева Аяжан
4 сынып- Кенже Ләйла
2-жүргізуші
Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болсада, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етсеңіздер,
Қанекей, қыздар сайысын бастайық біз.
Ендеше сайскерлерімізге сәттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтелік.
1-тур: Таныстыру
2-тур: «Күз көрінісі» сурет байқауы
3-тур: «Өнерің өрге жүзсін» өз өнерін көрсету
4-тур: «Сән үлгісі» күзгі сән үлгілерін көрсетеді
5-тур: «Күзгі байлық» (үй тапсырмасы) күзгі жемістерден, көкөністерден жасалған салаттарымен таныстыру.
Ханшайымдарымыз сайыс тапсырмаларын толық орындап шықты.
Бас жүлдені «Күзгі ханшайым» 2-сынып оқушысы Данебаева Інжу жеңіп алды.
Осымен «Алтын күз» атты кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош-сау болыңыздар!
Біздің мектепте осы күні күзгі бал сағат 17:00 – де 5 пен 10 сынып аралығында болды. Жарыс 3 кезеңнен тұрды.
1 кезең топты таныстыру
2 кезең топтың өнерін көрсету
3 кезең топтық вальс
Жарыс әділ бағаланды. Жеңімпаздар марапатталды. Жарыс қызықты өтті.
Кеш би алаңымен аяқталды
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2024. Все права защищены